Browse
Recent Submissions
Item Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары(2022) Шүкей Г.Н.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау үш тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 74 бет, 5 кесте, 3 сызба бар, зерттеу барысында 54 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ әдебиеті пәнінде көркем шығарманы талдаудың теориялық аспектілері қарастырылады. Прозалық шығармаларды оқытудың зерттелу өрісі диссертациялық жұмыстың теориялық базасы ретінде қарастырылып, тақырыптың зерттелу дәрежесі айқындалды. Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындауда. Басты рөл атқаратын жаңартылған білім беру мазмұнынындағы бағдарламада прозалық шығармалардың орны, оны оқыту жолында бекітілген мақсат пен Міндеттер анықталды. Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық маңызын құраушы элемент болып есептелетін мектептегі көркем шығармаларды талдаудың ұстанымдары қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен композициясын талдау арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру әдістемесі қарастырылды. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдері, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қаралды. Білім беру жүйесіндегі көркем шығарманы талдау маңыздылығы сипаттала отырып, сыни көзқарас қалыптастырушы дидактикалық тапсырмалар, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Шығарманың тағандары болып есептелетін жалпы шығарманың құрылысы, шығармадағы тартыс мәселесін талдаудағы баланың өзіндік ойы мен пікірін дамытуды жүзеге асырушы талдау жүйелерін құру" мәселесі шешіледі. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығуар анықталды. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері жүзеге асырылды. Ұсынылған тапсырмалардың оқушылардың білімін нақты, дәл бағалау үшін қолданудың маңызы айқындалды.Item Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері(2022) Шомақ М.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 20 кесте, 16 тапсырма, 3 сызба бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: лирикалық шығарма, лирикалық кейіпкер, мәнерлеп оқу, педагогикалық ұстаным. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі, психологиялық. негіздері мен педагогикалық ұстанымдары қарастырылып, зерттелді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасында берілген бірқатар лирикалық шығармалар қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оған қойылатын талаптар көрсетілді. 6-сыныпта берілген лирикалық шығармаларға талдаулар жасалды. Сондай-ақ лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда көңіл бөлуді қажет ететін бірқатар мәселелер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы, лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент жүргізілді және ол зерттеу жұмысымызда кесте, сызба түрінде берілді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың бірнешеуі талданды. Лирикалық шығармаларды оқытуға арналған тапсырмалар жасалып, кесте түрінде берілді. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер атқарылды: -жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі айқындалды; -лирикалық шығармаларды оқытудың психологиялық негіздері анықталды; -орта мектепте лирикалық шығармаларды оқытудың педагогикалық ұстанымдары нақтыланды; -жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы сараланды; -лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері ұсынылды және лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент нәтижелері талданды.Item Қазақ тілі сабағында оқушылардың зияткерлік қабілетін арттырудың тиімді жолдары(2022) Торешова Қ.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ тілі “сабағында оқушылардың зияткерлік қабілетін арттырудың тиімді жолдары. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 79 бет, 2 кестеден, 3 диаграммадан тұрады. Зерттеу барысында 50 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тілін терең оқытатын мектептер мен жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілінің білім бағдарламасына, білім беру мазмұнына талдау, салыстыру жасалды. Қазақ тілі бойынша ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлар талқыланды. Қазақ тілі бойынша оқу мақсаттарына шолу жасалынды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілін оқытуда қолданылатын технологияларға шолу жасалынды. Соның ішінен қазақ тілін оқытуда оқушылардың зиятерлік қабілетін арттыратын әдіс-тәсілдер жүйеленіп, тапсырмалар жасалынды. Сол тапсырмалар бойынша эксперимент жасалынып, нәтижесі көрсетілді. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, зерттеу жұмысы бойынша жасалған тұжырымдамалар берілді. Диплом жұмысы бойынша қойылған мақсат-міндеттер орындалды.Item Сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдері(2022) Сырғабекова С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Создің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынағын оқыаудың әдіс-тәсілдері» Диссертация жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертация жұмысының көлемі: 78 бет, 7 сурет, 19 кесте, 12 сызба зерттеу барысында 50 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасына жалпы сипаттама» деп атап, сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын ажырату оның жасалу әдіс-тәсілдерін оқытудың лингвистикалық, дидактикалық негіздерін сараптадық. Ауыспалы және лексикалық мағына туралы түсініктеме бере отыра, тиімді әдістермен сабақ өтуде аталған аспектілер негізінде теориялық түсініктемелер жасалды. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдарының еңбектері шолу жасап, теориялық бөлімді жүйелі тұжырымдадық. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдары: А.Айғабылов «Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті», И.Ұйықбаев «Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері», Виноградов В.В. «Лексикология и лексикография», Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева «Жаңаша оқыту - заман талабыСағындықұлы Б. «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология». І-бөлім, Таубаева ШІ, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. «Педагогика», Берикханова А.Е. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе». т.б. еңбектер қарастырылып, жүйелі тұжырымдар жасалды. Қазіргі мектеп бағдарламасында сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдерін оқытудың тиімді жолдары, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде сабақ барысында көптеген заманауи оқыту әдістерін қолдану, оқушылардың лексикалық талдау жасау қабілеттері, ситуациялық жағдаяттарды талқылаудағы шығармашылықтанымдық артықшылықтар мен нәтижелері ұсынылды. Ұсынылған әдістәсілдердің тиімділігін анықтау үшін практикалық сабақтар мен әртүрлі ой сергектер, психологиялық ахуал тудырушы тапсырмалар беріліп, нәтижелері талданды. 22 Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар оқушының жаңа деңгейге көтерілуіне, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, тақырыпты жетік меңгеруіне, жалпы лексикологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы жазылған.Item Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері(2022) Муслманбекова Н.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 27 кесте, 10 сурет, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде субмәдениет ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың анықтамасының негізінде түсініктеме беріледі. Субмәдениеттің шығу себебі, пайда болуы және жастарға тигізер әсері айтылады. Статистикалық зерттеу нәтижелері мен 6-І! сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде ҚР субмәдени топтар анықталады. Субмәдениеттің оқушылардың тілдік тұлғасына әсері қарастырылып, мәектеп оқушысының тілдік моделі жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қарастырудағы субмәдениеттің рөлі анықталады. Оқушылардың арасындағы танымал «ОРОР», «геймерлер» және «аниме» субмәдени топтарына анықтама беріліп, сол субмәдениеттің өкілдерінің тілдік тұлғасы талданады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде таңдалып алынған үш субмәдени топтың сөздік қоры жасалады. Оқушылардың тілдік тұлғасына субмәдениеттің кері әсерімен күресудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады. Шетел ғалымдарының субмәдениеттің алдын алу және оқушылардың тілдік тұлғасын көтеру бойынша жүгізген зерттеу жұмыстары негізге алынады. Әдістің тиімділігін дәлелдеу барысында жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижесі жасалады. Нысанға алынған фокус топтағы оқушылардың нәтижелері жазылып, әдіске кері байланыс беріледі. «Сөйле» тіл клубының аясында жасалған жұмыстар және олардың тигізген пайдасы талданады. Оқушылардың сөз мәдениетін көтеру және субмәдениеттің кері әсерлерінің алдын алу мақсатында «Сөз шебері» факультатив сабағы жасалып, сабақты тиімді өткізу мақсатында бірінші сабақтың үлгісі беріледі. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде субмәдениетпен күресу мақсатында тек қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ғана емес, барлық пән күресу керегі аталып өтеді. Оқушылардың тілдік тұлғасын қарапайым деңгейден орта деңгейге көтеру аталып өтеді. Ұсынылған әдістердің тиімдігі, салдарымен емес, себеппен күресудің маңызы айталады.Item Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері(2022) Қуаныш А.Қ.Диссертациялық жұмысының тақырыбы: Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 84 бет, 7 кесте, 27 сурет, зерттеу барысында 56 әдебиет қаралды. Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында публицистикалық стиль және оның теориялық негіздеріне тоқталдық. Тіл біліміндегі публицистикалық стильдің зерттелуі мен бөлінісін қарастырдық. Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының прагматикалық аспектісі анықталып, публицистикалық стильдің мектеп бағдарламаларындағы көрінісі нақтыланды. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші тараудағы тұжырымдарға сүйене отырып, публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдістемелік негіздері анықталды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің педагогикалық негізі мен оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің тиімді әдістәсілдері қарастырылды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертуге қатысты эксперименттік талдау жасадық. Публицистикалық стильді меңгертуде орындалатын жаттығулар мен тапсырмалар осы тарауда ұсынылып отыр. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы зерттеу жұмысына шолу жасалынып, ғылыми зерттеудің жеткен мақсаттары нақтыланды.Item ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ(2022) Қалқамжай Ж.ТДиссертация жұмысының тақырыбы:Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау (тараушалар), қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 67 бет, 1 кесте бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде интеграция туралы түсінік және оның теориялық негіздерін ашу мақсатында оның ерекшеліктері, білім саласындағы интеграциялық оқытудың маңызы мен тілтанымдағы интеграциялық бағыттың артықшылықтары анықталды. Интеграциялай оқытудың еліміздің білім беру жүйесіне ендірілу тарихы мен ерекшеліктеріне шолу жасалды. Қазақ тілін интеграциялай оқытудың тиімділігі арқылы қалыптасатын құзыреттіліктер сараланды. Осы орайда интеграциялай оқытуға қатысты жазылған еңбектер негізінде тұжырымдар жасалды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері қарастырылды. Қазіргі білім беру үдерісінде өзекті болып табылатын интеграциялай оқыту мәселесін жанжақты талдап, дамыту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақтарда жаттығу жұмыстары, оқушылардың өздігімен және мұғаліммен атқарылатын түрлі тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Тапсырмаларды құрастыруда оқушылардың пәнаралық байланыстарды танып, қазақ тілі мен басқа пән материалын бір-бірімен кіріктіре алуы басшылыққа алынды. Сонымен қатар, оқушылардың әр тілдік бірліктің уәжін жете түсінуіне басымдылық берілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша қазақ тілімен интеграциялай оқытуға болатын пәндер каталогі анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытуда тек бір жақты қарамай, оларға әр тілдік бірліктің астарында ғылыми негіз бар екенін жете түсіндіріп, түрлі тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы оқытудың тиімділігі көрсетілді. Сараланған әдістер мен критерийлерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың білімін толықтыра түсетіні, қазақ тілін оқытуда қолданудың маңызы айқындалды.Item Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері(2022) Касимова А.Д.Диссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері. Жұмыстың құрылымы: Нормативтік сілтемелер, анықтамалық көрсеткіш, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, 2 тараудан, 3 тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 105 бет, 3 кесте, 80 сурет, зерттеу барысында 48 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде: Білім берудегі сандық ресурстар және олардың зерттелуі туралы ғалымдар еңбегіндегі теориялық мәселелерге шолу жасалынды. Оқу-тәрбие үдерісінде сандық ресурстарды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері жайлы мәселелер қарастырылды. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың ұстанымдары іріктелінді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді сандық бағдарламалар ерекшеліктері және оларды қолдану жолдары көрсетілді. Сандық бағдарламалар арқылы оқытуда түсіндірме иллюстрациялық әдіс, зерттеу және іздеу әдісі, оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау мен түзету әдісі, рефлексия әдісін негізге алып, цифрлық бағдарламалар арқылы оқыту тапсырмалары жасалынды. 8-сынып қазақ тілі пәнін оқытуда, оқу мақсаттарын негізге ала отырып, сандық ресурстар арқылы оқыту тапсырмалары әзірленді. Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың эксперименттік нәтижелеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде: Жалпы білім беретін мектепте 8 сынып қазақ тілін оқытуда оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін жасалған тәжірибенің нәтижесінде оқушылар қоғамдағы ақпараттың рөлі мен мән мағынасын, ақпараттық технологиялардың маңызын түсінді, бағдарламалардың қызметін, және оларды дұрыс қолдана білу амалдарын үйренді және де ақпараттық мәдениетті енгізу мақсатына бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу қабілетіне ие болды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар білім алушылардың лексика-грамматикалық білімі мен тілдік төрт дағдыларын (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Терминдік мағына және оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері(2022) Искандирова А.Диссертация жұмысының тақырыбы: Терминдік мағына және оны оқытудың әдіс-тәсілдері. Диссертация жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тарау және қорытынды бөлімнен тұрады. Диссертация жұмысының көлемі: 80 бет (12 кесте, 4 сызба, 4 сурет). Кілт сөздер: термин, терминдік мағына, терминжасам тәсілдері, терминжасам қағидаттары, терминдену, педагогоикалық технология, интеграциялай оқыту. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбына сәйкес термин, терминге тән негізгі белгілер, терминнің түзілуіне байланысты қойылатын талаптар терминолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, сипатталып жазылды. Қазақ ұлттық терминологиялық базаның негізін қалаушы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдардың ұсынған терминжасам қағидаттары мен терминжасам мәселелері ғылыми-теорияық тұрғыдан қарастырылады. Осы айтылған теориялық мәселелер нақты тілдік фактілермен дәйектеледі. Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлының терминдену үдерісіне берілген анықтаманы негізге ала отырып, терминденуші лексика көздерін қарастырамыз. Терминденуші лексика көздері ретінде жалпыхалықтық лексика, аймақтық лексика, көнерген сөздер мен кәсіби сөздер алынатындығы нақты тілдік фактілер негізінде дәйектеледі. Сондай-ақ, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі оқулығында лингвистикалық термин сөздердің қамтылуы және олардың оқытылуы қарастырылады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде педагогикалық технология, оның ішінде, интеграциялай оқыту технологиясының философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері қарастырылады. Кіріктірілген білім берудің оқыту үдерісіндегі артықшылықтары талқыланады. Оқушы. санасында алған теориялық және практикалық білімді біртұтастындыру арқылы білім қорын жинақтау, жүйелеу мәселелері туралы сөз қозғалады. Терминдік мағынаны оқытуда иентеграциялай оқытуды басшылыққа алу мәселесі туралы сөз қозғалады. Өйткені бір термин сөз бірнеше пәннің (география, физика, биология Т.б.) терминологиялық жүйесінде қолданылады. Әр пәннің өзіне сәйкес терминдік мағынаны меңгертудің жолдары, меңгерту бойынша қандай әдіс-тәсілдердің тиімділік танытатындығы айқындалады. Терминдік мағынаны меңгертуге байланысты тапсырмалар мен жаттығулар топтамасы жасалады.Item Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантикаграмматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері(2022) Әсет А.С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертациялық жұмыстың көлемі: 78 бет, 7 сурет, 9 кесте, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: етістік, аналитика, формант, әдіс, технология, стратегия, сынып, қазақ тілі, әдістеме, жаттығулар, тапсырма, стратегия. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық формаларының зерттелуі қарастырылды. Соның негізінде аналитикалық формалы етістіктердің басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі мен ұқсастықтары ажыратылды, аналитикалық формаларды жасауда көсемше тұлғаларының ерекшеліктері айқындалды және оны жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі көрсетілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудегі кездесетін қиындықтарды анықтау арқылы, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды. Ол екі бағытта айқындалды. Аналитикалық формалы етістіктерді ажырата алу; аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық жағынан дұрыс түсіну және ажырата алу. Осыған байланысты тұтастай алғанда, екі мәселені практикалық тұрғыдан игертудегі тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Диссертация | жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар білім алушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне, кейс тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, ЕАФ-тарын жетік меңгеруіне, жалпы морфологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы түйін жасалды.Item Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі(2022) Әбдіқалиева Қ.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау (тараушадан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 104 бет, 6 кесте, 5 сурет, 13 сызба бар, зерттеу барысында 83 әдебиет қаралды. Кілт сөздер:синтаксис, интеграция, басқа ғылым салалары, дидактика, әдіс-тәсілдер, функционалды сауаттылық, заман талабы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде синтаксис саласындағы өзекті мәселелерге шолу жасалынды. Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар турасындағы ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері қарастырылды. Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудың маңызы айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудағы интеграциялық ұстанымдар іріктелінді. Әр ұстанымға мысалдар мен тапсырмалар берілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде синтаксисті экономика, экология, нутрицология) құқық, философия, зоология, технология, әлеуметтану секілді ғылым салаларымен интеграциялай оқыту үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдер іріктеліп, тапсырмалар жүйеленді. Синтаксисті интеграциялай оқыту үшін ең тиімді деген жаттығу, қатысымдық әдіс, интерактивтік, салыстыру , проблемалық әдіс, жобалау әдістері қарастырылды. Жасалған әр тапсырманың мақсаты мен күтілетін нәтижелері көрсетілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде синтаксисті оқытуда жалаң білім беріп қана қоймай, заман талабына сай функционалды сауатты, жан-жақты, дүниетаным көкжиегі кең тұлғаларды дамыту жолында мұғалімнің оқушыны басқа ғылым салаларынанан хабардар ететін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетін әдістер бойынша жасалған тапсырмаларды орындату маңыздылығы айқындалды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың грамматикалық білімі мен әртүрлі дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Қазақ балалар әдебиетіндегі жасөспірім образының эволюциясы және оны оқытудың әдіс-тәсілдері(2022) Давталиева А.T.Диссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ балалар әдебиетіндегі образының эволюциясы және оны оқытудың әдіс-тәсілдері (тараушалардан), Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық 2 диаграмма, жұмыстың көлемі: 92 бет, 9 кесте, І сурет, 5 тірек-сызба бар, зерттеу барысында 59 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: әдебиет, эволюция, комикс, әдіс, образ, инновация. қалыптасу Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде: балалар әдебиетінің негізінде тарихы зерделеніп, осы тақырып аясында ғалымдардың зерттеулері бүгінгі талдау жасалынды. Көптеген ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, әдебиеті», әдебиеттің жай-күйі зерттелді. Атап айтсақ, Сейфуллин С. «Қазақ психология», Ахметов Ш. «Қазақ балалар тарихының очеркі», Тәжібаев Т. «Жалпы сияқты Жұмақаева Б. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» және тағы сол көптеген педагогикалық, әдебиетіндегі әдеби еңбектер қарастырылды. Қазақ балалар жасөспірімдер образының эволюциясы зерделеніп, кезеңдік өзгерістер мен айырмашылықтарға жазушыларының образ жасаудағы талдау жүргізілді. Заманауи қазақ тұлғасындағы жаңа тәсілдері талқыланып, кейіпкерлер өзгерістер сарапталды. Жасөспірімдер образының ЭВОЛЮЦИЯСЫ кейіпкердің салыстырмалы түрде талдау жасаланып, кешегі кейіпкер мен бүгінгі балалар ерекшеліктері зерттелді. Анықталған жасөспірімдер эволюциясы, бейнесіндегі өзгерістердің бүгінгі оқырманға әсері талқыланды. мектептерде Диссертация жұмысының екінші бөлімінде: Жалпы білім беретін балалар әдебиетін оқытудың дидактикалық ұстанымдары, қарастырылды. сонымен қатар, қазақ балалар әдебиетінің мектеп бағдарламаларында қамтылуы образының Одан бөлек, балалар әдебиетін оқыту арқылы жасөспірімдер тақырыбына даму Эволюциясын оқытудың әдіс-тәсілдері зерделеніп, зерттеу бір кейіпкер, байланысты әдістемелер ұсынылды. Қазақ әдебиетіндегі қандай да қаһарман бейнесін танытуда оқырманның қызуғышылығы оқытудың маңызды рөл атқарады. Осы орайда, жасөспірімдер образының ЭВОЛЮЦИЯСЫН әдіс-тәсілдері ұсынылып, оны қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Диссертациялық тақырып бойынша жұмыстың қорытынды бөлімінде: Зерттелген . жұмысының жалпылама қорытынды жұмыстары жасалды. Зерттеу болып ашқан жаңалығы мен маңыздылығы талқыланды. Зерттеу нысаны отырған Шығармалардағы жеткіншектер бейнесіне қатысты жекелеген көркемдік-эстетикалық - Жеткіншектер факторлар сарапталып, жүйеленді. Атап айтқанда: бейнесіндегі адамгершілік нышандардың қалай көрініс тапқандығы айқындалды. Адамға тән жақсы қасиеттердің нығаюының қозғаушы күші адамгершіліктің қарама-қарсы ұғымдары мен санаттары арасындағы қайшылықтардың аталған шығармаларда қалай көрсетілгеніне талдау жасалды; эстетикалық - Көркем шығарма кейіпкерінің қалыптасуына қоршаған ортадағы түрлі құбылыстардың да әсер ететіні белгілі. Эстетиканы жасөспірімдердің дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырудағы рөлі айрықша. Бұл еңбекте балалар бейнесінің сомдалуына түрлі сипаттағы эстетикалык әсердің тигізетін күш-қуаты жөнінде ғылыми ойлар мазмұндалып, соған орай жеткіншектің рухани өсуі және эстетика мәселесіне тұжырымдар ұсынылды; - Диссертацияда балалар прозасындагы психологизмге мән беріліп, жеткіншек кейіпкердің психологиялық эволюциясына қатысты өзіндік тұжырым жасалды. Образ жасаудың маңызды талаптарының бірі адам психологиясын көркем бейнелеп жеткізу екендігі ескеріліп, бұл мәселенің балалар бейнесін жасауда кандай шешім табуы тиіс екендігі анықталады.Item МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ(2022) Валибаева Н.A.Диссертация жұмысының тақырыбы: Мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 14 кесте бар, зерттеу барысында 63 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: мәтін, мәтін талдау, прагматика, функционалды сауаттылық, тілдік құралдар. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде мәтіндерге берілген анықтамаларға талдау жасалып, мәтінді зерттеудің аспектілері анықталды. Мәтінді зерттеудің прагматикалық аспектісіне мақсатты түрде арнайы орын беріліп, прагматиканың негізгі категориялары анықталды. Мәтін прагматикасының тілдік құралдары мен бейвербальды амалдары көрсетіліп. Осы орайда мәтін прагматикасына қатысты жазылған зерттеулерге, еңбектерге, газеттер мен ғылыми конференцияларда, арнайы сайттарда жарияланған мақалалардан ақпараттар алынды. Диссертация | жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілі оқулықтарындағы мәтіндер жинақталып, ол мәтіндерге құрастырылған тапсырмаларға талдау жүргізілді. Зерттеу нысаны етіп алынған 9-сыныпқа арналған «Мектеп», «Атамұра» және «Арман-ПВ» баспаларының 2019 жылы жарық көрген қазақ Тілі оқулықтарында берілген мәтіндер, тапсырмалар бірбірімен салыстырылып, қарастырылды. Мәтіндерге құрастырылған тапсырмалардың негізінде олардың мәтінді құрылымдық, мазмұндық және прагматикалық жағынан қандай аспектіден анықтайтындығы сараланды. Мәтінді прагматикалық тұрғыдан зерттеудің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда және анықтауда маңыздылығына баса назар аударып, мәтінді прагматикалық талдауға қатысты тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде мектеп оқулығында мәтіндерді прагматикалық талдауға қатысты тапсырмалардың аздығы анықталып, мәтінді тиімді талдауға қолданылатын тиімді тапсырмалар кешені көрсетілді. Ұсынылған әдістерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың мәтіннің мәнін түсінудегі және функционалдық сауаттылықты арттырудағы маңызы айқындалды.Item ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ(2022) Арибжанова А.Ш.Диссертация жұмысының тақырыбы: Әдебиет сабағында жоғары сынып оқушыларының әдеби шығармашылық қабілетін дамыту Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 88 бет, 24 кесте, 3 сурет, 3 сызба бар, зерттеу барысында 65 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: шығармашылық, қабілет, оқушы, әдебиет пәні, өнер, мұғалім. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының әдеби және шығармашылық қабілетіне сәйкес дамыту үдерісінің ерекшеліктері және әдеби-шығармашылық қабілетті дамыту мәселелерінің психологиялық аспектісі қарастырылып, зерттелді, осыған сәйкес дидактикалық ұстанымдарға, арнайы шығармашылық тұлға қалыптастыру барысында қамтылатын үдерістерге тоқталып, жұмыс жүргізілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үдерісін әдістемелік тұрғысынан қамтамасыз ете отырып, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттнн дамыту барысында өткен тәжірибелікэксперименттік жұмыстың мазмұны мен барысы қарастырылды. Сонымен қатар әдеби шығармашылық қабілет арқылы оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үдерісінің белсенді-мақсатты моделі жұмыстың екінші бөлімінде қамтылды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде тақырыпқа сай жоғары сынып оқушыларының әдебиет сабағында шығармашылық қабілетін дамыту туралы зерттелген барлық тарауларға түйін жасалынды. Жұмыс алдына қойған мақсатқа айқын жетекізілді деген сенім бар. Орындалуы керек” міндеттер толық дерлік орындалып, мәселелер өз шешімін таба алды деген қорытынды жасауға болады.Item Қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарын бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары(2022) Айтқазина Т.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 8 кесте бар, зерттеу барысында 37 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: оқу мақсаттары, тапсырма, жаттығу, ұстаным, талап, әдіс. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта мектеп деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы зерттеліп, талдау жасалды. Осы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, барлық негізгі орта мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәндері өтіледі. Бұл құжатта оқу мақсаттары бөлім бойынша әр сыныпқа, “сөйлеу дағдыларына қарай жүйеленіп берілген. Тапсырмалар негізделіп құрастырылатын оқу мақсаттарына жан-жақты талдау жүргізілді. Оқу мақсаттарына негізделген тапсырма түрлері анықталып, тапсырмаларды құрастыруда ескерілуі тиіс ұстанымдар мен талаптар айқындалды. Атап айтсақ, Құрманова Н. «Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы», Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Ерхожина Ш. «Құрмалас сөйлемді шығармашылықпен оқыту» монографиясы, Күзекова 3. «Қазақ тілі. Грамматикалық жаттығулар жинағы» және тағы сол сияқты көптеген педагогикалық, методикалық еңбектер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде оқу мақсаттарына бағытталған, анықталған талаптар мен ұстанымдар ескерілген тапсырма үлгілері құрастырылды. Құрастырылған тапсырмалар зерттеу тәжірибесінде барысында сынақтан өткізіліп, эксперимент нәтижесі талданып, аталған бөлімнің бірінші тараушасына енгізілді. Оқу мақсаттарына бағытталып құрастырылған тапсырмаларды орындату арқылы оқу бағдарламасының 4 бөлімі бойынша оқушыларда қалыптасатын білік-дағдылар сарапталды. Одан бөлек, қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастырылғаннан кейін, тапсырмаларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Тапсырмаларды тиімді қолдану арқылы оқу мақсаттарын қанағаттандыру жолдары айқындалды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде зерттелген тақырып бойынша жалпылама қорытынды жұмыстары жасалды. Зерттеу жұмысының ашқан жаңалығы мен маңыздылығы талқыланды. Зерттеу нысаны болып отырған оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастыру әдістемесі сарапталып, талқыланды. Атап айтқанда: - Оқу мақсаттарына негізделген, дидактикалық талаптар мен ұстанымдар бойынша тапсырма құрастыру әдістемесіне талдау жасалды. - Құрастырылған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдары айқындалды.Item Developing beginner-level young learners’ reading skills in Kazakhstani public schools(Suleyman Demirel University, 2020-12-25) Karakat DauletkyzyThis dissertation focuses on examining how English teachers develop reading skills of primary EFL learners in public schools in Kazakhstan. This qualitative study was carried out using semi-structured interviews with 15 English teachers working in primary public schools across Almaty, Kazakhstan. The findings suggest that a lot of English teachers use the phonics method to teach reading to primary school learners. Teachers find the phonics method to be more effective than other methods. The results of the study indicate that teacher training and gaining experience in the primary EFL classroom play the biggest role in teaching reading better. Teacher training programs should pay more attention to teaching methods aimed at primary EFL learners. The phonics method should be part of the English teacher-training curriculum.Item Gaps in EFL Achievement, Proficiency and Classroom Behavior among students with Kazakh versus Russian Language of Instruction: Evidence from rural public school in Kazakhstan(Suleyman Demirel University, 2022-06-24) Sadykbekova A.The study is devoted to how English is studied by students whose language of instruction is Kazakh or Russian. I use administrative data from a rural school to explore differences in English achievement, proficiency, and classroom behavior of students who study in Kazakh and in Russian. My findings show that there are small gaps in these three aspects. While Kazakh-language students tend to have higher achievement grades, their proficiency is not much higher than that of Russian language students. Classroom behavior-wise, Kazakh language students talk less during class compared to their Russian language counterparts.Item Overcoming Language Learning Plateau: EFL Teachers’ Perceptions and Practical Recommendations(Suleyman Demirel University, 2022-06-24) Dinara UtegulovaThis study explores EFL teachers’ perceptions of the language learning plateau and identifies the recommendations teachers have for overcoming it. Thematic analysis is used to analyse the data from ten English teachers who teach students from intermediate to advanced levels. The findings show that there is a lack of awareness of the term among EFL teachers, yet the idea of the plateau is familiar. Surprisingly, some teachers are found to be in the plateau themselves. This study also discusses the issues teachers are struggling with, and some useful strategies they use to help students move beyond the plateau.Item Using ICT Applications in EFL Teaching: Challenges and Experiences of Novice vs. Experienced English Teachers(Suleyman Demirel University, 2022-06-24) Akniyet YermekkyzyThe aim of this research is to investigate the challenges and experiences of novice vs. experienced English teachers in using ICT applications. The data was gathered through semi-structured, in-depth interviews as part of a qualitative study. The qualitative data were analyzed using thematic analysis. The participants of the study are 20 novice and experienced English teachers of secondary schools. Thematic analysis of the data found that the biggest difference between novice and experienced English teachers is in the variety of ICT applications used, since experienced teachers use government-mandated applications, while novice teachers use different applications, and as well as government-mandated applications. Other than that novice and experienced teachers’ experiences and challenges turned out to be quite similar. EFL teachers use ICT applications for various purposes, but most commonly for lesson preparation. The challenges of both teachers were a lack of technology-supported pedagogical courses and a lack of time due to lack of internet connection and technical infrastructure. Implications for future research and recommendations for practice are provided.Item Teachers’ experiences of, challenges, and attitudes towards using mobile applications for teaching English as a foreign language in Kazakhstan(Suleyman Demirel University, 2022-06-24) Temirbek TangirbergenThe study aims to explore Kazakhstani English language teachers’ attitudes towards mobile applications, their experiences, and challenges in using them. Semi-structured interviews were conducted with 20 EFL teachers who work in private and public secondary schools and universities in Kazakhstan. Thematic analysis of the data suggested that EFL teachers’ views on teaching English with the help of mobile language learning applications are overall positive. The data revealed that the EFL teachers use various mobile applications in teaching English. The findings suggest that the EFL teachers value availability and student engagement offered by mobile apps. The challenges of using mobile apps tend to be beyond teachers’ control and include internet issues or lack of equipment. Policy implications for teacher training and professional development are discussed.