Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары

Loading...
Thumbnail Image

Date

2022

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Abstract

Диссертация жұмысының тақырыбы: «Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау үш тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 74 бет, 5 кесте, 3 сызба бар, зерттеу барысында 54 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ әдебиеті пәнінде көркем шығарманы талдаудың теориялық аспектілері қарастырылады. Прозалық шығармаларды оқытудың зерттелу өрісі диссертациялық жұмыстың теориялық базасы ретінде қарастырылып, тақырыптың зерттелу дәрежесі айқындалды. Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындауда. Басты рөл атқаратын жаңартылған білім беру мазмұнынындағы бағдарламада прозалық шығармалардың орны, оны оқыту жолында бекітілген мақсат пен Міндеттер анықталды. Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық маңызын құраушы элемент болып есептелетін мектептегі көркем шығармаларды талдаудың ұстанымдары қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен композициясын талдау арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру әдістемесі қарастырылды. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдері, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қаралды. Білім беру жүйесіндегі көркем шығарманы талдау маңыздылығы сипаттала отырып, сыни көзқарас қалыптастырушы дидактикалық тапсырмалар, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Шығарманың тағандары болып есептелетін жалпы шығарманың құрылысы, шығармадағы тартыс мәселесін талдаудағы баланың өзіндік ойы мен пікірін дамытуды жүзеге асырушы талдау жүйелерін құру" мәселесі шешіледі. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығуар анықталды. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері жүзеге асырылды. Ұсынылған тапсырмалардың оқушылардың білімін нақты, дәл бағалау үшін қолданудың маңызы айқындалды.

Description

Keywords

проза, талдау, композиция

Citation

Шүкей Г.Н. /Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары/ Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022

Collections