Welcome to SDU Institutional Repository
Communities
Select a community to browse its collections.
Recent Submissions
Персоналды даярлау және дамыту жүйесін ұйымдастыру
(SDU University, 2025) Ахметов Даурен; Жанзақов Жәнібек; Бишал Ақыл; Нүрпеисов Нұрбек; Абдукаримов Бауыржан
Бұл жобалық жұмыста ұйымдарда оқыту мен персоналды дамыту жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты-компанияның кәсіби өсуі мен ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді тәсілдерін ұсыну. Зерттеу барысында персоналды дамытудың негізгі тәсілдері мен әдістері: тәлімгерлік, коучинг, тренингтер, тағылымдамалар, корпоративтік университеттер талданды. Қазіргі тенденцияларға – онлайн оқыту, микролернинг, геймификацияға ерекше назар аударылады. Практикалық бөлімде мақсатты, міндеттерді, іске асыру кезеңдерін, жоспар кестесін, бюджетті және тиімділікті бағалау тетіктерін қамтитын "Мұғалім" жобасы ұсынылған. Жоба енгізуде күтілетін нәтижелер: қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кадр резервін қалыптастыру, персонал тұрақсыздығын төмендеуі, қызметкерлердің ынтасының өсуі.Жұмыстың практикалық маңыздылығы: кез-келген ұйымға бейімделе алатын оқыту және дамыту жүйесінің әмбебап жобасын жасау болып табылады. Енгізу перспективасы-кадрлық әлеуетті нығайту және бәсекелестік орта жағдайында компанияның тұрақтылығын арттыру.
Білім орталықтарының тиімділігін басқару
(SDU University, 2025) Несипбаев Дәурен; Кенешов Жаслан
Қазіргі заманда білім беру саласы қоғам дамуының басты факторларының бірі ретінде стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, жеке және мемлекеттік білім орталықтарының рөлі білім сапасын арттыруда, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуда және кәсіби дағдыларды қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Дегенмен, білім беру орталықтарының тиімділігін басқару мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ, себебі бұл орталықтардың қызметін ұйымдастыруда, оқу бағдарламаларын жетілдіруде, ресурстарды ұтымды пайдалануда және білім алушылардың нәтижелілігін арттыруда жүйелі тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлау және сапалы білім беру – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі шарттарының бірі. Бұл тұрғыда білім орталықтарының тиімділігін басқару білім сапасын арттыруға, инновациялық оқыту әдістерін енгізуге және білім беру қызметін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың дамуымен бірге білім беру орталықтарының қызметін автоматтандыру, деректерді талдау және басқару шешімдерін оңтайландыру қажеттілігі артып келеді. Осыған байланысты, білім орталықтарының тиімділігін басқару мәселесін зерттеу қазіргі замандағы білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды ғылыми және практикалық мәнге ие.
Қазақ және түркі тілдеріндегі фразеологизимдердің жүйеленуі туралы
(Suleyman Demirel University, 2011) Йылдырым И
Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің жүйеленуі, олардың мағыналық және құрылымдық ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданады. Екі тілдегі фразеологиялық бірліктердің ұлт мәдениеті мен танымдық ерекшеліктерді бейнелеудегі рөлі қарастырылып, фразеологизмдердің семантикалық белгілеріне сүйене отырып, олардың фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек сияқты негізгі түрлері анықталады. Зерттеу барысында фразеологизмдерді айқындаудың басты үш шарты — қолданылу тиянақтылығы, мағына тұтастығы және тіркес тұрақтылығы негізге алынады. Қазақ және түрік тілдерінен алынған мысалдар арқылы фразеологиялық мағынаның қалыптасу жолдары, еркін тіркестерден тұрақты тіркестерге өту үдерісі, сондай-ақ олардың бейнелілік пен ұлттық дүниетанымды жеткізудегі қызметі көрсетіледі. Екі тілдегі фразеологиялық жүйенің салыстырмалы сипаттамасы фразеология саласындағы теориялық және лексикографиялық бағыттардың даму ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі қазақ поэмаларындағы ізденістер
(Suleyman Demirel University, 2011) Керімбекова Б
Мақалада қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығындағы көркемдік ізденістер, соның ішінде «Жарылғаптан қорқамын» поэмасының жанрлық, стильдік және эстетикалық ерекшеліктері қарастырылады. Автор поэманы «поэма-ирония» деп сипаттай отырып, дәстүрлі поэма түрінен өзгеше поэтикалық үлгі ұсынады. Зерттеу барысында поэманың сюжеті, лирикалық кейіпкердің рөлі, ішкі монолог пен еске алу тәсілі, иронияның көркемдік қызметі мен поэтикалық астары талданады. Ақынның өмірбаяндық элементтер арқылы жалпы адамзаттық сезімдерді жеткізуі қазіргі қазақ поэмасындағы жаңашылдық бағыттың көрінісі ретінде бағаланады.
С.Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасындағы жалқы есімдер және олардың ішкі мағыналық топтары
(Suleyman Demirel University, 2011) Қуанышбаева А.Б
Мақалада С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы жалқы есімдердің тілдік табиғаты мен семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Автор шығармасында кездесетін антропонимдер, топонимдер және зоонимдер жүйеленіп, олардың ішкі мағыналық топтары талданады. Әсіресе, поэмада көрініс тапқан топонимдердің шығу тарихы мен қалыптасуы, көне түркі және моңғол қабаттарының тілдік сипаты кеңінен түсіндіріледі. Қазақ топонимиясының ұлттық дүниетаныммен, тарихи-мәдени таныммен байланысы, сондай-ақ түстердің (әсіресе «ақ» түсінің) символикалық мәні мен поэтикалық қызметі айқындалады. Мақалада ономастикалық атаулардың поэтикалық мәтіндегі эстетикалық жүктемесі мен семантикалық астары этнолингвистикалық тұрғыдан сараланады.