МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2022

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Abstract

Диссертация жұмысының тақырыбы: Мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 14 кесте бар, зерттеу барысында 63 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: мәтін, мәтін талдау, прагматика, функционалды сауаттылық, тілдік құралдар. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде мәтіндерге берілген анықтамаларға талдау жасалып, мәтінді зерттеудің аспектілері анықталды. Мәтінді зерттеудің прагматикалық аспектісіне мақсатты түрде арнайы орын беріліп, прагматиканың негізгі категориялары анықталды. Мәтін прагматикасының тілдік құралдары мен бейвербальды амалдары көрсетіліп. Осы орайда мәтін прагматикасына қатысты жазылған зерттеулерге, еңбектерге, газеттер мен ғылыми конференцияларда, арнайы сайттарда жарияланған мақалалардан ақпараттар алынды. Диссертация | жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілі оқулықтарындағы мәтіндер жинақталып, ол мәтіндерге құрастырылған тапсырмаларға талдау жүргізілді. Зерттеу нысаны етіп алынған 9-сыныпқа арналған «Мектеп», «Атамұра» және «Арман-ПВ» баспаларының 2019 жылы жарық көрген қазақ Тілі оқулықтарында берілген мәтіндер, тапсырмалар бірбірімен салыстырылып, қарастырылды. Мәтіндерге құрастырылған тапсырмалардың негізінде олардың мәтінді құрылымдық, мазмұндық және прагматикалық жағынан қандай аспектіден анықтайтындығы сараланды. Мәтінді прагматикалық тұрғыдан зерттеудің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда және анықтауда маңыздылығына баса назар аударып, мәтінді прагматикалық талдауға қатысты тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде мектеп оқулығында мәтіндерді прагматикалық талдауға қатысты тапсырмалардың аздығы анықталып, мәтінді тиімді талдауға қолданылатын тиімді тапсырмалар кешені көрсетілді. Ұсынылған әдістерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың мәтіннің мәнін түсінудегі және функционалдық сауаттылықты арттырудағы маңызы айқындалды.

Description

Keywords

функционалды сауаттылық, адресант пен адресат, тілдік құралдар

Citation

Валибаева Н.A./МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ /Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022

Collections