Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі
Loading...
Date
2022
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Abstract
Диссертация жұмысының тақырыбы: Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау (тараушадан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 104 бет, 6 кесте, 5 сурет, 13 сызба бар, зерттеу барысында 83 әдебиет қаралды. Кілт сөздер:синтаксис, интеграция, басқа ғылым салалары, дидактика, әдіс-тәсілдер, функционалды сауаттылық, заман талабы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде синтаксис саласындағы өзекті мәселелерге шолу жасалынды. Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар турасындағы ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері қарастырылды. Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудың маңызы айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудағы интеграциялық ұстанымдар іріктелінді. Әр ұстанымға мысалдар мен тапсырмалар берілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде синтаксисті экономика, экология, нутрицология) құқық, философия, зоология, технология, әлеуметтану секілді ғылым салаларымен интеграциялай оқыту үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдер іріктеліп, тапсырмалар жүйеленді. Синтаксисті интеграциялай оқыту үшін ең тиімді деген жаттығу, қатысымдық әдіс, интерактивтік, салыстыру , проблемалық әдіс, жобалау әдістері қарастырылды. Жасалған әр тапсырманың мақсаты мен күтілетін нәтижелері көрсетілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде синтаксисті оқытуда жалаң білім беріп қана қоймай, заман талабына сай функционалды сауатты, жан-жақты, дүниетаным көкжиегі кең тұлғаларды дамыту жолында мұғалімнің оқушыны басқа ғылым салаларынанан хабардар ететін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетін әдістер бойынша жасалған тапсырмаларды орындату маңыздылығы айқындалды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың грамматикалық білімі мен әртүрлі дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.
Description
Keywords
синтаксис, сөз тіркесі, құрмалас сөйлем
Citation
Әбдіқалиева Қ.М./Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі/Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022