ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Loading...
Date
2022
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Abstract
Диссертация жұмысының тақырыбы:Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау (тараушалар), қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 67 бет, 1 кесте бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде интеграция туралы түсінік және оның теориялық негіздерін ашу мақсатында оның ерекшеліктері, білім саласындағы интеграциялық оқытудың маңызы мен тілтанымдағы интеграциялық бағыттың артықшылықтары анықталды. Интеграциялай оқытудың еліміздің білім беру жүйесіне ендірілу тарихы мен ерекшеліктеріне шолу жасалды. Қазақ тілін интеграциялай оқытудың тиімділігі арқылы қалыптасатын құзыреттіліктер сараланды. Осы орайда интеграциялай оқытуға қатысты жазылған еңбектер негізінде тұжырымдар жасалды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері қарастырылды. Қазіргі білім беру үдерісінде өзекті болып табылатын интеграциялай оқыту мәселесін жанжақты талдап, дамыту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақтарда жаттығу жұмыстары, оқушылардың өздігімен және мұғаліммен атқарылатын түрлі тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Тапсырмаларды құрастыруда оқушылардың пәнаралық байланыстарды танып, қазақ тілі мен басқа пән материалын бір-бірімен кіріктіре алуы басшылыққа алынды. Сонымен қатар, оқушылардың әр тілдік бірліктің уәжін жете түсінуіне басымдылық берілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша қазақ тілімен интеграциялай оқытуға болатын пәндер каталогі анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытуда тек бір жақты қарамай, оларға әр тілдік бірліктің астарында ғылыми негіз бар екенін жете түсіндіріп, түрлі тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы оқытудың тиімділігі көрсетілді. Сараланған әдістер мен критерийлерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың білімін толықтыра түсетіні, қазақ тілін оқытуда қолданудың маңызы айқындалды.
Description
Keywords
педагогикадағы интеграция, құндылық, мақал-мәтел
Citation
Қалқамжай Ж.Т/ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ /Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022