Терминдік мағына және оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Loading...
Date
2022
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Abstract
Диссертация жұмысының тақырыбы: Терминдік мағына және оны оқытудың әдіс-тәсілдері. Диссертация жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тарау және қорытынды бөлімнен тұрады. Диссертация жұмысының көлемі: 80 бет (12 кесте, 4 сызба, 4 сурет). Кілт сөздер: термин, терминдік мағына, терминжасам тәсілдері, терминжасам қағидаттары, терминдену, педагогоикалық технология, интеграциялай оқыту. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбына сәйкес термин, терминге тән негізгі белгілер, терминнің түзілуіне байланысты қойылатын талаптар терминолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, сипатталып жазылды. Қазақ ұлттық терминологиялық базаның негізін қалаушы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдардың ұсынған терминжасам қағидаттары мен терминжасам мәселелері ғылыми-теорияық тұрғыдан қарастырылады. Осы айтылған теориялық мәселелер нақты тілдік фактілермен дәйектеледі. Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлының терминдену үдерісіне берілген анықтаманы негізге ала отырып, терминденуші лексика көздерін қарастырамыз. Терминденуші лексика көздері ретінде жалпыхалықтық лексика, аймақтық лексика, көнерген сөздер мен кәсіби сөздер алынатындығы нақты тілдік фактілер негізінде дәйектеледі. Сондай-ақ, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі оқулығында лингвистикалық термин сөздердің қамтылуы және олардың оқытылуы қарастырылады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде педагогикалық технология, оның ішінде, интеграциялай оқыту технологиясының философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері қарастырылады. Кіріктірілген білім берудің оқыту үдерісіндегі артықшылықтары талқыланады. Оқушы. санасында алған теориялық және практикалық білімді біртұтастындыру арқылы білім қорын жинақтау, жүйелеу мәселелері туралы сөз қозғалады. Терминдік мағынаны оқытуда иентеграциялай оқытуды басшылыққа алу мәселесі туралы сөз қозғалады. Өйткені бір термин сөз бірнеше пәннің (география, физика, биология Т.б.) терминологиялық жүйесінде қолданылады. Әр пәннің өзіне сәйкес терминдік мағынаны меңгертудің жолдары, меңгерту бойынша қандай әдіс-тәсілдердің тиімділік танытатындығы айқындалады. Терминдік мағынаны меңгертуге байланысты тапсырмалар мен жаттығулар топтамасы жасалады.
Description
Keywords
педагогикалық технология, терминжасам, жалпыхалықтық лексика
Citation
Искандирова А./ Терминдік мағына және оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері / Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022