Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері

Loading...
Thumbnail Image

Date

2022

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Abstract

Диссертация жұмысының тақырыбы: «Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 20 кесте, 16 тапсырма, 3 сызба бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: лирикалық шығарма, лирикалық кейіпкер, мәнерлеп оқу, педагогикалық ұстаным. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі, психологиялық. негіздері мен педагогикалық ұстанымдары қарастырылып, зерттелді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасында берілген бірқатар лирикалық шығармалар қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оған қойылатын талаптар көрсетілді. 6-сыныпта берілген лирикалық шығармаларға талдаулар жасалды. Сондай-ақ лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда көңіл бөлуді қажет ететін бірқатар мәселелер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы, лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент жүргізілді және ол зерттеу жұмысымызда кесте, сызба түрінде берілді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың бірнешеуі талданды. Лирикалық шығармаларды оқытуға арналған тапсырмалар жасалып, кесте түрінде берілді. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер атқарылды: -жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі айқындалды; -лирикалық шығармаларды оқытудың психологиялық негіздері анықталды; -орта мектепте лирикалық шығармаларды оқытудың педагогикалық ұстанымдары нақтыланды; -жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы сараланды; -лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері ұсынылды және лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент нәтижелері талданды.

Description

Keywords

лирикалық шығарма, лирикалық кейіпкер, мәнерлеп оқу

Citation

Шомақ М.Б./ Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері/ Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022

Collections