Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантикаграмматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері

Loading...
Thumbnail Image

Date

2022

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Abstract

Диссертация жұмысының тақырыбы: «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертациялық жұмыстың көлемі: 78 бет, 7 сурет, 9 кесте, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: етістік, аналитика, формант, әдіс, технология, стратегия, сынып, қазақ тілі, әдістеме, жаттығулар, тапсырма, стратегия. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық формаларының зерттелуі қарастырылды. Соның негізінде аналитикалық формалы етістіктердің басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі мен ұқсастықтары ажыратылды, аналитикалық формаларды жасауда көсемше тұлғаларының ерекшеліктері айқындалды және оны жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі көрсетілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудегі кездесетін қиындықтарды анықтау арқылы, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды. Ол екі бағытта айқындалды. Аналитикалық формалы етістіктерді ажырата алу; аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық жағынан дұрыс түсіну және ажырата алу. Осыған байланысты тұтастай алғанда, екі мәселені практикалық тұрғыдан игертудегі тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Диссертация | жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар білім алушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне, кейс тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, ЕАФ-тарын жетік меңгеруіне, жалпы морфологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы түйін жасалды.

Description

Keywords

қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары, семантика-грамматикалық ерекшеліктер, лингвистика

Citation

Әсет А.С./Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантикаграмматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері /Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022

Collections