2. Theses and Dissertations
Permanent URI for this community
Browse
Browsing 2. Theses and Dissertations by Issue Date
Now showing 1 - 20 of 29
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Typology of Communicative Exercises in the Formation of Intercultural Communicative Competence at Upper-Intermediate (B2) Level(Suleyman Demirel University, 2013) Doganay YakupThe novelty of the research is presented in the current paper and in disclosure of the meaning of linguistic and cultural expertise is achieved and methodological principles are proven; cognitive lingua-cultural model of expertise is finalized; basic ideas as a method of didactic management are developed efficiency of lingua-cultural formation process is provided and proved in Kazakhstan for Kazakh, Turkish and Russian origin students. Furthermore, awareness of instructors of the peculiarities of the communicative behaviors and the impacts of use of culture-based activities in the language classroom are demonstrated.Item Open Access Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2019) Дуйсебекова ЖайнагулТұтас бір елдің тәуелсіздігін мызғымас ететін факторлардың бірі – оның ана тілі. Заң тілімен айтсақ: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» [1]. Себебі бір халықты екіншісінен айқын ерекшелеп, бүкіл болмысын, табиғатын көрсетіп тұратын – оның тілі, соның ішінде оның әбден екшеліп, сұрыпталған ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында аталған бағдарламаның басты мақсаттары ретінде мына мәселелерді атап көрсеткен: «1) мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы; 2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу; 3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті; 4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»Item Open Access Developing beginner-level young learners’ reading skills in Kazakhstani public schools(Suleyman Demirel University, 2020-12-25) Karakat DauletkyzyThis dissertation focuses on examining how English teachers develop reading skills of primary EFL learners in public schools in Kazakhstan. This qualitative study was carried out using semi-structured interviews with 15 English teachers working in primary public schools across Almaty, Kazakhstan. The findings suggest that a lot of English teachers use the phonics method to teach reading to primary school learners. Teachers find the phonics method to be more effective than other methods. The results of the study indicate that teacher training and gaining experience in the primary EFL classroom play the biggest role in teaching reading better. Teacher training programs should pay more attention to teaching methods aimed at primary EFL learners. The phonics method should be part of the English teacher-training curriculum.Item Open Access Readiness of Junior English Teachers for Implementing Inclusive Education in Secondary Educational Institutions in Kazakhstan(Suleyman Demirel University, 2020-12-25) Albina OralbayThe purpose of this research project is to examine the readiness of junior English teachers for the implementation of inclusive education in Kazakhstan. I study the challenges of junior English teachers in working with children who have special needs in Kazakhstani secondary schools. I also explore what could be done to address these challenges of inclusive English teaching in Kazakhstan. Semi-structured interviews were conducted with six junior English teachers who have had experience working in inclusive classrooms across Almaty public secondary schools. The findings suggest that despite having overall positive attitudes towards implementing inclusive instruction of English, junior teachers lack relevant training and resources that would enable them to successfully teach students with special needs. Based on this study, the lack of special education-oriented training could be addressed by introducing inclusive education courses in teacher training curricula and in professional development programs.Item Open Access Digital storytelling in EFL teaching in Kazakhstan(Suleyman Demirel University, 2021-06-18) Nazerke BakytThe purpose of this paper is to study the use of digital storytelling in teaching English as a foreign language in Kazakhstani educational institutions. To examine English teachers’ experiences, practices, and attitudes towards using digital storytelling in the teaching process, we utilized semi-structured interviews. The study was conducted among in-service early career English teachers working in public and private secondary schools. The findings suggest that English teachers use digital storytelling in their teaching but not very frequently. Study participants also indicated that they would benefit from additional training and experience with using digital storytelling as a teaching technique in their work. According to the participants, the main barriers to using digital storytelling in the classroom are the lack of technology, teachers’ methodological preparation, and time limitations. Despite these barriers, the teachers who participated in the study appreciate the substantial benefits of using digital storytelling in teaching English such as enhanced opportunities for developing students’ speaking skills, creativity, and critical thinking.Item Open Access The use of ICT in EFL classrooms: A case study of a community college(Suleyman Demirel University, 2021-06-18) Aigul AkanThis study was conducted to determine how ICT is implemented in EFL teaching and learning in vocational educational institutions in Kazakhstan. The author has designed a questionnaire to examine the use of ICT in EFL classes and in private language learning. The questionnaire uncovers how teachers and students use ICT tools in the process of EFL learning and investigating, the main barriers and blind spots in ICT integration in EFL training in vocational educational institutions of Kazakhstan. The dissertation provides insight into how ICT applications are used in the EFL classrooms at Kazakhstani vocational education institutions; explores the digital competences of EFL instructors; and examines student-faculty cooperation in the EFL classroom.Item Open Access Developing students’ grammar skills using “Learning English grammar tenses” application at the intermediate level(Suleyman Demirel University, 2021-06-18) Karman A.This research looks specifically at using the mobile application as a material resource and how to prepare and manage the grammar lesson at the intermediate level, at the secondary school. This dissertation presents practical tasks aimed at developing grammar skills. The main goal of thіs study is to identify effective tasks that can be performed with the help of mobile devices as well as with the “Learning English grammar tenses” application.Item Open Access Сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдері(2022) Сырғабекова С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Создің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынағын оқыаудың әдіс-тәсілдері» Диссертация жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертация жұмысының көлемі: 78 бет, 7 сурет, 19 кесте, 12 сызба зерттеу барысында 50 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасына жалпы сипаттама» деп атап, сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын ажырату оның жасалу әдіс-тәсілдерін оқытудың лингвистикалық, дидактикалық негіздерін сараптадық. Ауыспалы және лексикалық мағына туралы түсініктеме бере отыра, тиімді әдістермен сабақ өтуде аталған аспектілер негізінде теориялық түсініктемелер жасалды. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдарының еңбектері шолу жасап, теориялық бөлімді жүйелі тұжырымдадық. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдары: А.Айғабылов «Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті», И.Ұйықбаев «Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері», Виноградов В.В. «Лексикология и лексикография», Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева «Жаңаша оқыту - заман талабыСағындықұлы Б. «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология». І-бөлім, Таубаева ШІ, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. «Педагогика», Берикханова А.Е. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе». т.б. еңбектер қарастырылып, жүйелі тұжырымдар жасалды. Қазіргі мектеп бағдарламасында сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдерін оқытудың тиімді жолдары, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде сабақ барысында көптеген заманауи оқыту әдістерін қолдану, оқушылардың лексикалық талдау жасау қабілеттері, ситуациялық жағдаяттарды талқылаудағы шығармашылықтанымдық артықшылықтар мен нәтижелері ұсынылды. Ұсынылған әдістәсілдердің тиімділігін анықтау үшін практикалық сабақтар мен әртүрлі ой сергектер, психологиялық ахуал тудырушы тапсырмалар беріліп, нәтижелері талданды. 22 Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар оқушының жаңа деңгейге көтерілуіне, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, тақырыпты жетік меңгеруіне, жалпы лексикологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы жазылған.Item Open Access Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері(2022) Муслманбекова Н.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 27 кесте, 10 сурет, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде субмәдениет ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың анықтамасының негізінде түсініктеме беріледі. Субмәдениеттің шығу себебі, пайда болуы және жастарға тигізер әсері айтылады. Статистикалық зерттеу нәтижелері мен 6-І! сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде ҚР субмәдени топтар анықталады. Субмәдениеттің оқушылардың тілдік тұлғасына әсері қарастырылып, мәектеп оқушысының тілдік моделі жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қарастырудағы субмәдениеттің рөлі анықталады. Оқушылардың арасындағы танымал «ОРОР», «геймерлер» және «аниме» субмәдени топтарына анықтама беріліп, сол субмәдениеттің өкілдерінің тілдік тұлғасы талданады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде таңдалып алынған үш субмәдени топтың сөздік қоры жасалады. Оқушылардың тілдік тұлғасына субмәдениеттің кері әсерімен күресудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады. Шетел ғалымдарының субмәдениеттің алдын алу және оқушылардың тілдік тұлғасын көтеру бойынша жүгізген зерттеу жұмыстары негізге алынады. Әдістің тиімділігін дәлелдеу барысында жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижесі жасалады. Нысанға алынған фокус топтағы оқушылардың нәтижелері жазылып, әдіске кері байланыс беріледі. «Сөйле» тіл клубының аясында жасалған жұмыстар және олардың тигізген пайдасы талданады. Оқушылардың сөз мәдениетін көтеру және субмәдениеттің кері әсерлерінің алдын алу мақсатында «Сөз шебері» факультатив сабағы жасалып, сабақты тиімді өткізу мақсатында бірінші сабақтың үлгісі беріледі. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде субмәдениетпен күресу мақсатында тек қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ғана емес, барлық пән күресу керегі аталып өтеді. Оқушылардың тілдік тұлғасын қарапайым деңгейден орта деңгейге көтеру аталып өтеді. Ұсынылған әдістердің тиімдігі, салдарымен емес, себеппен күресудің маңызы айталады.Item Open Access Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері(2022) Қуаныш А.Қ.Диссертациялық жұмысының тақырыбы: Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 84 бет, 7 кесте, 27 сурет, зерттеу барысында 56 әдебиет қаралды. Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында публицистикалық стиль және оның теориялық негіздеріне тоқталдық. Тіл біліміндегі публицистикалық стильдің зерттелуі мен бөлінісін қарастырдық. Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының прагматикалық аспектісі анықталып, публицистикалық стильдің мектеп бағдарламаларындағы көрінісі нақтыланды. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші тараудағы тұжырымдарға сүйене отырып, публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдістемелік негіздері анықталды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің педагогикалық негізі мен оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің тиімді әдістәсілдері қарастырылды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертуге қатысты эксперименттік талдау жасадық. Публицистикалық стильді меңгертуде орындалатын жаттығулар мен тапсырмалар осы тарауда ұсынылып отыр. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы зерттеу жұмысына шолу жасалынып, ғылыми зерттеудің жеткен мақсаттары нақтыланды.Item Open Access Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері(2022) Касимова А.Д.Диссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері. Жұмыстың құрылымы: Нормативтік сілтемелер, анықтамалық көрсеткіш, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, 2 тараудан, 3 тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 105 бет, 3 кесте, 80 сурет, зерттеу барысында 48 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде: Білім берудегі сандық ресурстар және олардың зерттелуі туралы ғалымдар еңбегіндегі теориялық мәселелерге шолу жасалынды. Оқу-тәрбие үдерісінде сандық ресурстарды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері жайлы мәселелер қарастырылды. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың ұстанымдары іріктелінді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді сандық бағдарламалар ерекшеліктері және оларды қолдану жолдары көрсетілді. Сандық бағдарламалар арқылы оқытуда түсіндірме иллюстрациялық әдіс, зерттеу және іздеу әдісі, оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау мен түзету әдісі, рефлексия әдісін негізге алып, цифрлық бағдарламалар арқылы оқыту тапсырмалары жасалынды. 8-сынып қазақ тілі пәнін оқытуда, оқу мақсаттарын негізге ала отырып, сандық ресурстар арқылы оқыту тапсырмалары әзірленді. Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың эксперименттік нәтижелеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде: Жалпы білім беретін мектепте 8 сынып қазақ тілін оқытуда оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін жасалған тәжірибенің нәтижесінде оқушылар қоғамдағы ақпараттың рөлі мен мән мағынасын, ақпараттық технологиялардың маңызын түсінді, бағдарламалардың қызметін, және оларды дұрыс қолдана білу амалдарын үйренді және де ақпараттық мәдениетті енгізу мақсатына бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу қабілетіне ие болды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар білім алушылардың лексика-грамматикалық білімі мен тілдік төрт дағдыларын (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Open Access Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі(2022) Әбдіқалиева Қ.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау (тараушадан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 104 бет, 6 кесте, 5 сурет, 13 сызба бар, зерттеу барысында 83 әдебиет қаралды. Кілт сөздер:синтаксис, интеграция, басқа ғылым салалары, дидактика, әдіс-тәсілдер, функционалды сауаттылық, заман талабы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде синтаксис саласындағы өзекті мәселелерге шолу жасалынды. Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар турасындағы ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері қарастырылды. Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудың маңызы айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудағы интеграциялық ұстанымдар іріктелінді. Әр ұстанымға мысалдар мен тапсырмалар берілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде синтаксисті экономика, экология, нутрицология) құқық, философия, зоология, технология, әлеуметтану секілді ғылым салаларымен интеграциялай оқыту үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдер іріктеліп, тапсырмалар жүйеленді. Синтаксисті интеграциялай оқыту үшін ең тиімді деген жаттығу, қатысымдық әдіс, интерактивтік, салыстыру , проблемалық әдіс, жобалау әдістері қарастырылды. Жасалған әр тапсырманың мақсаты мен күтілетін нәтижелері көрсетілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде синтаксисті оқытуда жалаң білім беріп қана қоймай, заман талабына сай функционалды сауатты, жан-жақты, дүниетаным көкжиегі кең тұлғаларды дамыту жолында мұғалімнің оқушыны басқа ғылым салаларынанан хабардар ететін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетін әдістер бойынша жасалған тапсырмаларды орындату маңыздылығы айқындалды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың грамматикалық білімі мен әртүрлі дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Open Access Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантикаграмматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері(2022) Әсет А.С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертациялық жұмыстың көлемі: 78 бет, 7 сурет, 9 кесте, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: етістік, аналитика, формант, әдіс, технология, стратегия, сынып, қазақ тілі, әдістеме, жаттығулар, тапсырма, стратегия. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық формаларының зерттелуі қарастырылды. Соның негізінде аналитикалық формалы етістіктердің басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі мен ұқсастықтары ажыратылды, аналитикалық формаларды жасауда көсемше тұлғаларының ерекшеліктері айқындалды және оны жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі көрсетілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудегі кездесетін қиындықтарды анықтау арқылы, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды. Ол екі бағытта айқындалды. Аналитикалық формалы етістіктерді ажырата алу; аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық жағынан дұрыс түсіну және ажырата алу. Осыған байланысты тұтастай алғанда, екі мәселені практикалық тұрғыдан игертудегі тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Диссертация | жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар білім алушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне, кейс тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, ЕАФ-тарын жетік меңгеруіне, жалпы морфологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы түйін жасалды.Item Open Access МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ(2022) Валибаева Н.A.Диссертация жұмысының тақырыбы: Мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 14 кесте бар, зерттеу барысында 63 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: мәтін, мәтін талдау, прагматика, функционалды сауаттылық, тілдік құралдар. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде мәтіндерге берілген анықтамаларға талдау жасалып, мәтінді зерттеудің аспектілері анықталды. Мәтінді зерттеудің прагматикалық аспектісіне мақсатты түрде арнайы орын беріліп, прагматиканың негізгі категориялары анықталды. Мәтін прагматикасының тілдік құралдары мен бейвербальды амалдары көрсетіліп. Осы орайда мәтін прагматикасына қатысты жазылған зерттеулерге, еңбектерге, газеттер мен ғылыми конференцияларда, арнайы сайттарда жарияланған мақалалардан ақпараттар алынды. Диссертация | жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілі оқулықтарындағы мәтіндер жинақталып, ол мәтіндерге құрастырылған тапсырмаларға талдау жүргізілді. Зерттеу нысаны етіп алынған 9-сыныпқа арналған «Мектеп», «Атамұра» және «Арман-ПВ» баспаларының 2019 жылы жарық көрген қазақ Тілі оқулықтарында берілген мәтіндер, тапсырмалар бірбірімен салыстырылып, қарастырылды. Мәтіндерге құрастырылған тапсырмалардың негізінде олардың мәтінді құрылымдық, мазмұндық және прагматикалық жағынан қандай аспектіден анықтайтындығы сараланды. Мәтінді прагматикалық тұрғыдан зерттеудің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда және анықтауда маңыздылығына баса назар аударып, мәтінді прагматикалық талдауға қатысты тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде мектеп оқулығында мәтіндерді прагматикалық талдауға қатысты тапсырмалардың аздығы анықталып, мәтінді тиімді талдауға қолданылатын тиімді тапсырмалар кешені көрсетілді. Ұсынылған әдістерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың мәтіннің мәнін түсінудегі және функционалдық сауаттылықты арттырудағы маңызы айқындалды.Item Open Access Көркем мәтінге интерпретация арқылы студенттер шығармашылығын дамыту әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2022) Отарбаева ГазизаЗерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда отандық білім беру жүйесі білім берудің нәтижелерін, білімгерлердің бойынан табылуы тиіс құндылықтар мен олардың иегеретін білік-дағдысын, қолданатын құзыретін саралау, қайта зерделеу, білім жүйесін толықтай трансформациялау кезеңінде тұр. Осы тұста қазіргі кездегі мол ақпараттар ағымын өз бетінше игеріп, сыни ойлай білетін, өзіндік көзқарасын дәлелдей алатын еркін ойлы, шығармашыл тұлға тәрбиелеудің өзектілігі арта түседі. Әрбір оқу пәні шығармашыл тұлға қалыптастыруға әлеуетті. Дегенмен, әдеби шығармашылыққа, әдеби білім мазмұнына, әдебиетті оқыту әдіс- тәсілдері мен формаларына қойылатын талап айрықша болатыны заңды. Шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін, ең алдымен, білім алушыларды көркем шығарманың мазмұны мен мәнін өз бетінше түсініп, пайымдай білу дағдыларын дамытуға арналған оқу әрекетіне бағыттауымыз керек.Item Open Access Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары(2022) Шүкей Г.Н.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау үш тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 74 бет, 5 кесте, 3 сызба бар, зерттеу барысында 54 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ әдебиеті пәнінде көркем шығарманы талдаудың теориялық аспектілері қарастырылады. Прозалық шығармаларды оқытудың зерттелу өрісі диссертациялық жұмыстың теориялық базасы ретінде қарастырылып, тақырыптың зерттелу дәрежесі айқындалды. Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындауда. Басты рөл атқаратын жаңартылған білім беру мазмұнынындағы бағдарламада прозалық шығармалардың орны, оны оқыту жолында бекітілген мақсат пен Міндеттер анықталды. Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық маңызын құраушы элемент болып есептелетін мектептегі көркем шығармаларды талдаудың ұстанымдары қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен композициясын талдау арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру әдістемесі қарастырылды. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдері, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қаралды. Білім беру жүйесіндегі көркем шығарманы талдау маңыздылығы сипаттала отырып, сыни көзқарас қалыптастырушы дидактикалық тапсырмалар, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Шығарманың тағандары болып есептелетін жалпы шығарманың құрылысы, шығармадағы тартыс мәселесін талдаудағы баланың өзіндік ойы мен пікірін дамытуды жүзеге асырушы талдау жүйелерін құру" мәселесі шешіледі. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығуар анықталды. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері жүзеге асырылды. Ұсынылған тапсырмалардың оқушылардың білімін нақты, дәл бағалау үшін қолданудың маңызы айқындалды.Item Open Access ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ(2022) Арибжанова А.Ш.Диссертация жұмысының тақырыбы: Әдебиет сабағында жоғары сынып оқушыларының әдеби шығармашылық қабілетін дамыту Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 88 бет, 24 кесте, 3 сурет, 3 сызба бар, зерттеу барысында 65 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: шығармашылық, қабілет, оқушы, әдебиет пәні, өнер, мұғалім. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының әдеби және шығармашылық қабілетіне сәйкес дамыту үдерісінің ерекшеліктері және әдеби-шығармашылық қабілетті дамыту мәселелерінің психологиялық аспектісі қарастырылып, зерттелді, осыған сәйкес дидактикалық ұстанымдарға, арнайы шығармашылық тұлға қалыптастыру барысында қамтылатын үдерістерге тоқталып, жұмыс жүргізілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үдерісін әдістемелік тұрғысынан қамтамасыз ете отырып, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттнн дамыту барысында өткен тәжірибелікэксперименттік жұмыстың мазмұны мен барысы қарастырылды. Сонымен қатар әдеби шығармашылық қабілет арқылы оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үдерісінің белсенді-мақсатты моделі жұмыстың екінші бөлімінде қамтылды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде тақырыпқа сай жоғары сынып оқушыларының әдебиет сабағында шығармашылық қабілетін дамыту туралы зерттелген барлық тарауларға түйін жасалынды. Жұмыс алдына қойған мақсатқа айқын жетекізілді деген сенім бар. Орындалуы керек” міндеттер толық дерлік орындалып, мәселелер өз шешімін таба алды деген қорытынды жасауға болады.Item Open Access Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері(2022) Шомақ М.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 20 кесте, 16 тапсырма, 3 сызба бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: лирикалық шығарма, лирикалық кейіпкер, мәнерлеп оқу, педагогикалық ұстаным. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі, психологиялық. негіздері мен педагогикалық ұстанымдары қарастырылып, зерттелді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасында берілген бірқатар лирикалық шығармалар қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оған қойылатын талаптар көрсетілді. 6-сыныпта берілген лирикалық шығармаларға талдаулар жасалды. Сондай-ақ лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда көңіл бөлуді қажет ететін бірқатар мәселелер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы, лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент жүргізілді және ол зерттеу жұмысымызда кесте, сызба түрінде берілді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың бірнешеуі талданды. Лирикалық шығармаларды оқытуға арналған тапсырмалар жасалып, кесте түрінде берілді. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер атқарылды: -жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі айқындалды; -лирикалық шығармаларды оқытудың психологиялық негіздері анықталды; -орта мектепте лирикалық шығармаларды оқытудың педагогикалық ұстанымдары нақтыланды; -жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы сараланды; -лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері ұсынылды және лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент нәтижелері талданды.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ(2022) Қалқамжай Ж.ТДиссертация жұмысының тақырыбы:Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау (тараушалар), қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 67 бет, 1 кесте бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде интеграция туралы түсінік және оның теориялық негіздерін ашу мақсатында оның ерекшеліктері, білім саласындағы интеграциялық оқытудың маңызы мен тілтанымдағы интеграциялық бағыттың артықшылықтары анықталды. Интеграциялай оқытудың еліміздің білім беру жүйесіне ендірілу тарихы мен ерекшеліктеріне шолу жасалды. Қазақ тілін интеграциялай оқытудың тиімділігі арқылы қалыптасатын құзыреттіліктер сараланды. Осы орайда интеграциялай оқытуға қатысты жазылған еңбектер негізінде тұжырымдар жасалды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері қарастырылды. Қазіргі білім беру үдерісінде өзекті болып табылатын интеграциялай оқыту мәселесін жанжақты талдап, дамыту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақтарда жаттығу жұмыстары, оқушылардың өздігімен және мұғаліммен атқарылатын түрлі тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Тапсырмаларды құрастыруда оқушылардың пәнаралық байланыстарды танып, қазақ тілі мен басқа пән материалын бір-бірімен кіріктіре алуы басшылыққа алынды. Сонымен қатар, оқушылардың әр тілдік бірліктің уәжін жете түсінуіне басымдылық берілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша қазақ тілімен интеграциялай оқытуға болатын пәндер каталогі анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытуда тек бір жақты қарамай, оларға әр тілдік бірліктің астарында ғылыми негіз бар екенін жете түсіндіріп, түрлі тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы оқытудың тиімділігі көрсетілді. Сараланған әдістер мен критерийлерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың білімін толықтыра түсетіні, қазақ тілін оқытуда қолданудың маңызы айқындалды.Item Open Access Қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарын бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары(2022) Айтқазина Т.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 8 кесте бар, зерттеу барысында 37 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: оқу мақсаттары, тапсырма, жаттығу, ұстаным, талап, әдіс. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта мектеп деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы зерттеліп, талдау жасалды. Осы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, барлық негізгі орта мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәндері өтіледі. Бұл құжатта оқу мақсаттары бөлім бойынша әр сыныпқа, “сөйлеу дағдыларына қарай жүйеленіп берілген. Тапсырмалар негізделіп құрастырылатын оқу мақсаттарына жан-жақты талдау жүргізілді. Оқу мақсаттарына негізделген тапсырма түрлері анықталып, тапсырмаларды құрастыруда ескерілуі тиіс ұстанымдар мен талаптар айқындалды. Атап айтсақ, Құрманова Н. «Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы», Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Ерхожина Ш. «Құрмалас сөйлемді шығармашылықпен оқыту» монографиясы, Күзекова 3. «Қазақ тілі. Грамматикалық жаттығулар жинағы» және тағы сол сияқты көптеген педагогикалық, методикалық еңбектер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде оқу мақсаттарына бағытталған, анықталған талаптар мен ұстанымдар ескерілген тапсырма үлгілері құрастырылды. Құрастырылған тапсырмалар зерттеу тәжірибесінде барысында сынақтан өткізіліп, эксперимент нәтижесі талданып, аталған бөлімнің бірінші тараушасына енгізілді. Оқу мақсаттарына бағытталып құрастырылған тапсырмаларды орындату арқылы оқу бағдарламасының 4 бөлімі бойынша оқушыларда қалыптасатын білік-дағдылар сарапталды. Одан бөлек, қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастырылғаннан кейін, тапсырмаларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Тапсырмаларды тиімді қолдану арқылы оқу мақсаттарын қанағаттандыру жолдары айқындалды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде зерттелген тақырып бойынша жалпылама қорытынды жұмыстары жасалды. Зерттеу жұмысының ашқан жаңалығы мен маңыздылығы талқыланды. Зерттеу нысаны болып отырған оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастыру әдістемесі сарапталып, талқыланды. Атап айтқанда: - Оқу мақсаттарына негізделген, дидактикалық талаптар мен ұстанымдар бойынша тапсырма құрастыру әдістемесіне талдау жасалды. - Құрастырылған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдары айқындалды.