Көркем мәтінге интерпретация арқылы студенттер шығармашылығын дамыту әдістемесі
Loading...
Date
2022
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда отандық білім беру жүйесі білім берудің нәтижелерін, білімгерлердің бойынан табылуы тиіс құндылықтар мен олардың иегеретін білік-дағдысын, қолданатын құзыретін саралау, қайта зерделеу, білім жүйесін толықтай трансформациялау кезеңінде тұр. Осы тұста қазіргі кездегі мол ақпараттар ағымын өз бетінше игеріп, сыни ойлай білетін, өзіндік көзқарасын дәлелдей алатын еркін ойлы, шығармашыл тұлға тәрбиелеудің өзектілігі арта түседі.
Әрбір оқу пәні шығармашыл тұлға қалыптастыруға әлеуетті. Дегенмен, әдеби шығармашылыққа, әдеби білім мазмұнына, әдебиетті оқыту әдіс- тәсілдері мен формаларына қойылатын талап айрықша болатыны заңды.
Шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін, ең алдымен, білім алушыларды көркем шығарманың мазмұны мен мәнін өз бетінше түсініп, пайымдай білу дағдыларын дамытуға арналған оқу әрекетіне бағыттауымыз керек.
Description
Keywords
Мәтін интерпретация, әдеби рефлексия, концептуалдық мазмұн, PHD dissertation
Citation
Көркем мәтінге интерпретация арқылы студенттер шығармашылығын дамыту әдістемесі / Отарбаева Газиза / 6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті / Қаскелең, 2022