Search Results

Now showing 1 - 7 of 7
  • ItemOpen Access
    5В050600 «ЭКОНОМИКА», 5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» ЖӘНЕ 5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕР ҮШІН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
    (СДУ Университеті баспаханасы, 2015) Сарсенова Д., Төлегенова Р.
    Баспаға СДУ Университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің 2015 жылғы 25-тамыздағы № 1 хаттамасы бойынша ұсынылды. Әдістемелік көрсетулер суденттер үшін дипломдық жұмысты орындау және оларды қорғау барысындағы міндетті талаптар, ережелер мен ұсыныстарды анықтау мақсатында болады. Олар дипломдық жұмыс тақырыптарының өзектіпігін қамтамасыз етуге, және олардың ғылыми деңгейі мен орындалу сапасын көтеруге арналған, сонымен қатар кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мен оның нарықтағы тұрақты жағдайы мақсатында өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нақты жасалатын тәжірибелік ұсыныстар бойынша дипломдық жұмыстың үлесін көтеруге арналған.
  • ItemOpen Access
    ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ДАЯРЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН ҚАТЕЛІКТЕР
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Калиева A.A.; Өмірхан Ш.
    Аңдатпа. Біздің мақаламызда әр оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік тәжірибелер қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған. заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген, оқушының жан дүниесін түсіне білетін педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Қазіргі қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет. Бұл мақалада жалпы ЖОО-ға түсу кезінде ТжКБ бітірушілерінің барлық бітірушілеріне бірдей кешенді тестілеу арқылы сәйкес мамандықтарға, ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша міндетті түрде кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Колледж түлектері ЖОО-на түсе алмаған жағдайда кәсіби білімі бойынша жұмысқа орналасады. Адамдарда іс жүзінде уайым азаймады. керісінше барлығы басқаша болды: үдеріске қатысушылардың барлығы - оқушылар да, ұстаздар да және оқушылардың ата-аналары да ҰБТ дайындық пен тапсыру кезінде күйгелектіктің, уайымның артатындығын айтады. Өйткені енді оқушыға тапсырған емтиханы үшін бағаны, оны көп жылдар бойы білетін және оның нақты әлеуетін ұғынатын мектеп мұғалімдері қоймайды. Енді барлығын компьютер шешеді, ал ол болса, барлық оқушыларға бірдей қарап, оның ешқандай бұрынғы еңбектерін бағалап, ескермейді. Компьютер тестілеуде түлек жіберген қателіктің кездейсоқ немесе бұл оның білімінің занды нәтижесі екенін «көре алмайды» және де, екінші жағынан, жасөспірімде өзі таңдаған ЖОО қабылдау комиссиясына өзінің білімділік деңгейін көрсететін, ҰБТ басқа мүмкіндігі жоқ. Жоғарғы оқуға түсу әр талапкердің арманы.
  • ItemOpen Access
    ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. Әбілда
    Аңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.
  • ItemOpen Access
    ПӘНДІ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
    (2010) Оразакиева Ә.
    Бұл мақалада пәнді үш тілде оқытудың әдістемелік негіздері, шетел тілін меңгертуде ана тілінің рөлі және қазақ пен ағылшын тілдерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданады. Автор оқушылардың шетел тілін меңгеру үрдісінде ана тілінің ықпалын ескерудің маңызын атап өтеді. Қазақ тіліндегі дыбыстардың тіркесу заңдылықтары мен ағылшын тіліндегі фонетикалық құрылым арасындағы айырмашылықтар, екпіннің түсу ерекшеліктері, артикль, көптік жалғаулар, сөйлем құрау тәртібі сияқты айырмашылықтар шетел тілін оқытуда кездесетін негізгі қиындықтар ретінде қарастырылады. Мақалада оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары, ойын элементтері, деңгейлік тапсырмалар, коммуникативтік жаттығулар қолданудың тиімділігі көрсетілген. Сонымен қатар, үш тілде оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлауын, мәдениаралық құзыретін, сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған әдістердің теориялық және практикалық маңызы ашылады.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы оқытудың негізгі талаптары
    (Suleyman Demirel University, 2009) Серікбаева Г.
    Бұл мақалада қазақ тілін орыс бөлімдерінде білім алатын студенттерге сөйлесім әрекеті арқылы оқытудың негізгі талаптары мен тиімді әдістері талданады. Тіл үйретудің басты мақсаты – студенттің кәсіби бағдарланған лексиканы меңгеруі, түрлі сөйлесім түрлерінде өз ойын еркін жеткізе алуы және тілдік қатынасқа белсенді араласуы екені атап көрсетіледі. Автор оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерінің өзара байланысын сипаттап, кәсіби мәтіндермен, құжаттармен және жағдаяттық тапсырмалармен жұмыс жүргізудің маңызын жан-жақты түсіндіреді. Сонымен қатар орыс тілді студенттерге төл дыбыстарды меңгерту, сөздік қорды кеңейту, мәліметті дұрыс қабылдау және кәсіби коммуникация құрастыру әдістері қарастырылады. Мақала кәсіби бағытталған қазақ тілін оқытудың практикалық тиімді жолдарын көрсетіп, тілдік дағдыларды дамытуда сөйлесім әрекетінің жетекші рөл атқаратынын дәлелдейді.
  • ItemOpen Access
    Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау
    (2020 International Young Scholars, 2020) Багиева Ш.
    Аңдатпа Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына түсті. Ғалымдар мен қалың бұқара үш нұсқаны да қолдамады. 2019 жылдың 21 қазанында Президент Қ. Тоқаев тіл мамандарына соңғы акутты нұсқаны жетілдіру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші ғалымдардан құралған жұмыс тобы жетілдірілген әліпби нұсқасын дайындады. Кейбір ғалымдар жетілдірілген нұсқадағы «и», «й», «у» дыбыстарының таңбалануымен келіспей, Ә. Жүнісбектің «Ұлттық әліпби» нұсқасын ұсынып, қарсы уәж білдірді. Біздің мақсатымыз – әліпби нұсқаларына (акутты, жетілдірілген, ұлттық) лингвистикалық, әдістемелік талдау жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оқытуға ыңғайлы нұсқаны көрсету. Ол үшін талдау, салыстыру, жалпылау әдістері қолданылды. Нәтижесінде үш әліпби ішінен жетілдірілген әліпби нұсқасының қазақ жазуын дамыту әлеуеті жоғары екені, сондай-ақ қазіргі жазарман мен оқырман үшін көп қиындық туғызбайтыны анықталды.
  • ItemOpen Access
    ОСНОВНЫЕ ЭЛЕМЕНТЫ МОДУЛЬНОЙ ТЕХНОЛОГИИ ПОВЫШАЮЩИЕ ЭФФЕКТИВНОСТЬ УЧЕБНОВОСПИТАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Ш.Т. Темирбеккызы
    Aңдатпа. Мақала математиканы оқыту-тәрбиелеу үдерісінің тиімділігін арттыратын модульді технологияның негізгі элементтерін анықтауға негізделген. Зерттеу нысаны ретінде модульдік технологияның ұйымдастырушылық, мазмұндық элементтері қарастырылған. Модульдік оқыту 11-сыныптар базасында педагогикалық, методикалық әдебиеттерге анализ жасалып, модельдеу, анкета алу, бақылау алынып, салыстырмалы анализ жасалу арқылы жүргізілді.