Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау

Loading...
Thumbnail Image

Date

2020

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

2020 International Young Scholars

Abstract

Аңдатпа Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына түсті. Ғалымдар мен қалың бұқара үш нұсқаны да қолдамады. 2019 жылдың 21 қазанында Президент Қ. Тоқаев тіл мамандарына соңғы акутты нұсқаны жетілдіру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші ғалымдардан құралған жұмыс тобы жетілдірілген әліпби нұсқасын дайындады. Кейбір ғалымдар жетілдірілген нұсқадағы «и», «й», «у» дыбыстарының таңбалануымен келіспей, Ә. Жүнісбектің «Ұлттық әліпби» нұсқасын ұсынып, қарсы уәж білдірді. Біздің мақсатымыз – әліпби нұсқаларына (акутты, жетілдірілген, ұлттық) лингвистикалық, әдістемелік талдау жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оқытуға ыңғайлы нұсқаны көрсету. Ол үшін талдау, салыстыру, жалпылау әдістері қолданылды. Нәтижесінде үш әліпби ішінен жетілдірілген әліпби нұсқасының қазақ жазуын дамыту әлеуеті жоғары екені, сондай-ақ қазіргі жазарман мен оқырман үшін көп қиындық туғызбайтыны анықталды.

Description

Keywords

латын әліпбиі, қазақ жазуы, әдістеме, 2020 International Young Scholars, №9

Citation

Багиева Ш / Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау / 2020 International Young Scholars