ПӘНДІ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2010

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Abstract

Бұл мақалада пәнді үш тілде оқытудың әдістемелік негіздері, шетел тілін меңгертуде ана тілінің рөлі және қазақ пен ағылшын тілдерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданады. Автор оқушылардың шетел тілін меңгеру үрдісінде ана тілінің ықпалын ескерудің маңызын атап өтеді. Қазақ тіліндегі дыбыстардың тіркесу заңдылықтары мен ағылшын тіліндегі фонетикалық құрылым арасындағы айырмашылықтар, екпіннің түсу ерекшеліктері, артикль, көптік жалғаулар, сөйлем құрау тәртібі сияқты айырмашылықтар шетел тілін оқытуда кездесетін негізгі қиындықтар ретінде қарастырылады. Мақалада оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары, ойын элементтері, деңгейлік тапсырмалар, коммуникативтік жаттығулар қолданудың тиімділігі көрсетілген. Сонымен қатар, үш тілде оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлауын, мәдениаралық құзыретін, сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған әдістердің теориялық және практикалық маңызы ашылады.

Description

Keywords

үш тілде оқыту, әдістеме, педагогикалық технология, коммуникативтік тәсіл, тілдік интерференция, салыстырмалы талдау

Citation

Оразакиева Ә. / ПӘНДІ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ / Suleyman Demirel University/ СДУ хабаршысы, 15(2).