ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ДАЯРЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН ҚАТЕЛІКТЕР

Loading...
Thumbnail Image

Date

2021

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2021

Abstract

Аңдатпа. Біздің мақаламызда әр оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік тәжірибелер қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған. заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген, оқушының жан дүниесін түсіне білетін педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Қазіргі қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет. Бұл мақалада жалпы ЖОО-ға түсу кезінде ТжКБ бітірушілерінің барлық бітірушілеріне бірдей кешенді тестілеу арқылы сәйкес мамандықтарға, ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша міндетті түрде кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Колледж түлектері ЖОО-на түсе алмаған жағдайда кәсіби білімі бойынша жұмысқа орналасады. Адамдарда іс жүзінде уайым азаймады. керісінше барлығы басқаша болды: үдеріске қатысушылардың барлығы - оқушылар да, ұстаздар да және оқушылардың ата-аналары да ҰБТ дайындық пен тапсыру кезінде күйгелектіктің, уайымның артатындығын айтады. Өйткені енді оқушыға тапсырған емтиханы үшін бағаны, оны көп жылдар бойы білетін және оның нақты әлеуетін ұғынатын мектеп мұғалімдері қоймайды. Енді барлығын компьютер шешеді, ал ол болса, барлық оқушыларға бірдей қарап, оның ешқандай бұрынғы еңбектерін бағалап, ескермейді. Компьютер тестілеуде түлек жіберген қателіктің кездейсоқ немесе бұл оның білімінің занды нәтижесі екенін «көре алмайды» және де, екінші жағынан, жасөспірімде өзі таңдаған ЖОО қабылдау комиссиясына өзінің білімділік деңгейін көрсететін, ҰБТ басқа мүмкіндігі жоқ. Жоғарғы оқуға түсу әр талапкердің арманы.

Description

Keywords

Жоғары оқу орны, орта мектеп, колледж, Ұлттық бірыңғай тестілеу, әдістеме, оқушылар, талапкерлерді кешенді тестілеу жүйесі (ТКТ), СДУ хабаршысы - 2021, №1

Citation

A.A. Калиева , Ш. Өмірхан / ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ДАЯРЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН ҚАТЕЛІКТЕР / СДУ хабаршысы - 2021