ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2023

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2023

Abstract

Аңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.

Description

Keywords

қазақ тілі, әдістеме, подкаст, жаңа технология, аудио, оқыту, дидактика, интернет, СДУ хабаршысы - 2023, №2

Citation

А.Т. Әбілда / ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ / СДУ хабаршысы - 2023