7 results
Search Results
Now showing 1 - 7 of 7
Item Open Access Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантикаграмматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері(2022) Әсет А.С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертациялық жұмыстың көлемі: 78 бет, 7 сурет, 9 кесте, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: етістік, аналитика, формант, әдіс, технология, стратегия, сынып, қазақ тілі, әдістеме, жаттығулар, тапсырма, стратегия. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық формаларының зерттелуі қарастырылды. Соның негізінде аналитикалық формалы етістіктердің басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі мен ұқсастықтары ажыратылды, аналитикалық формаларды жасауда көсемше тұлғаларының ерекшеліктері айқындалды және оны жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі көрсетілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудегі кездесетін қиындықтарды анықтау арқылы, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды. Ол екі бағытта айқындалды. Аналитикалық формалы етістіктерді ажырата алу; аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық жағынан дұрыс түсіну және ажырата алу. Осыған байланысты тұтастай алғанда, екі мәселені практикалық тұрғыдан игертудегі тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Диссертация | жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар білім алушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне, кейс тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, ЕАФ-тарын жетік меңгеруіне, жалпы морфологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы түйін жасалды.Item Open Access Қазақ тілінің сөзжасамы(Suleyman Demirel University, 2016) Мұхамади Құралай ТөлегенқызыОқу құралында қазақ тілінің сөзжасам саласына қатысты оқу үдерісіне лайықталған теориялық және практикалық мәселелер толық қамтылды. Сөзжасамның негізгі теориялық мәселелері лингвистиканың әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мен қазақ ғалымдарының пікір-көзқарастарымен тоғыстырыла берілді. Оқу құралы қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы жаңа ғылыми бағыттардың негізінде инновациялық оқыту технологиясына сәйкес жазылады. Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, филология факультеттерінің докторанттары мен магистранттарына, студенттерге және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.Item Open Access БАЛА ТІЛІНІҢ ДАМУЫ МЕН БАЛАНЫҢ ҰҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, 2018) Садуакас Н; Дидар Ж.Балалардың тілі туралы ғылымдар арасындағы даму тарихында, айналасуы мен қалыптасуына сәйкес кейінгі жартылай жүргізілген зерттеулерді қарастырады. Адамдардың жетістікті кеңес алуын, жақындықтарын қуаттылауын және тәрбиелеуінің қажеттілігін түсіндіреді.Item Open Access СӨЗДІҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) С.А. СыргабековаАңдатпа. Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ұлтымыздың зерделі әлеуетін қалыптастыруды бағытқа алған мектептің негізгі өзегі- мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігі. "Сабақ - толығымен алғанда, оқу-тәрбие процесінің элементі, оның ұйымдастырылған формасы. Екінші жағынан, сабақта іс-әрекеттердің бір түрі болатын оқыту ісі көрініс табады," - дейді П.Лернер пікірі. Ал қазіргі түсінік бойынша, сабақ - тек білім беру процесінің негізгі ұйымдастыру формасы ғана емес, ұжымдағы оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың да негізгі формасы болып табылады. Сабақтың түрі өтетін тақырыпқа, сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, қабілет ерекшелігіне, сабақтың мақсатына қарай белгіленеді. Егер сабақ бірсарында өтетін болса, оқушының оқуға деген қөзқарасы өзгереді. Ойлау белсенділігі төмендейді, ынтасы, пәнге деген қызығушылық тежеледі.Item Open Access Тіл біліміне кіріспе(Suleyman Demirel University, 2016) Ордабекова Х.А.Оқу құралы студенттерге тіл білімінің нысаны мен оның қарастыратын мәселелері, тілдің таңбалық және құрылымдық-жүйелік аспектілері туралы білім беру, қазіргі әлемдік лингвистикада қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттар туралы түсінік қалыптастыруды мақсат етеді. Оқу құралы филология факультетінің студенттеріне арналған.Item Open Access ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР(Suleyman Demirel University, 2016) Мұхамади Қ.; Иісова Э.Бейвербалды қарым-қатынас түрінің жасалу жолдары мен табиғатын ашып көрсету, әсіресе оның дискурс тұрғысынан көрінісін талдап-жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді. Өйткені тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра, салғастыра отырып, кешенді қарастыру барысында бейвербалды амалдардың көптеген сипаттарын ашып көрсетуге болады. Мұндай мақсатқа жетуге арқау болар өзек ретінде педагогикалық дискурс мәселесі туралы да сөз ету орынды, өйткені білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен қарым-қатынастың бейвербалды түрін де көп пайдаланады. Сондықтан мақалаға сабақ үрдісіндегі мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын жүзеге асыратын бейвербалды амалдар арқау болған. Педагогикалық дискурстың құрамында коммуниканттар арасындағы интеграция мен қарым-қатынасын қарау маңызды болып табылады. Ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жазба мәтінде бейвербалды элементтердің қолданысы аз және қолданылу аясы шектеулі болады. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші мен тыңдаушы және ақиқаттық жағдай қалыптасқан. Осындай ерекшеліктерге байланысты сөйленістерде ғана арнайы қолданылатын паралингвистикалық құралдар тілге еніп, қалыптасып кеткен.Item Open Access ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ АҚ / ҚАРА СӨЗДЕРІ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ ТАЛДАУ,(Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, 2018) Алтыншаш Қ.Бүгінгі таңда лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мəн беріліп келеді. Түр-түс атаулары– əрбір халықтың ұлттық мəдениетін танып-білудің негізгі құралы. Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі – осында. Мəдениетаралық қатынастың кеңеюіне байланысты, тілі, діні, мəдениеті əр түрлі тілдердегі түр-түс концептісін ашатын сөз тіркестеріне лингвомəдени талдау жасау арқылы, «түр-түс» атауларының тілдегі ұлттық-мəдени ерекшелігін анықтау өзекті мəселе болып табылады. Мақалада ғылыми зерттеулерде қара түске байланысты атаулар мағынасына қарай бірнеше топқа бөлініп, жамандықтың; қатыгездіктің; бастапқылықтың; киеліліктің қарапайымдылықтың; қайғы-мұңның белгілері ретінде қарастырылады.