СӨЗДІҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ
Loading...
Date
2022
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
СДУ хабаршысы - 2022
Abstract
Аңдатпа. Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ұлтымыздың зерделі әлеуетін қалыптастыруды бағытқа алған мектептің негізгі өзегі- мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігі. "Сабақ - толығымен алғанда, оқу-тәрбие процесінің элементі, оның ұйымдастырылған формасы. Екінші жағынан, сабақта іс-әрекеттердің бір түрі болатын оқыту ісі көрініс табады," - дейді П.Лернер пікірі. Ал қазіргі түсінік бойынша, сабақ - тек білім беру процесінің негізгі ұйымдастыру формасы ғана емес, ұжымдағы оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың да негізгі формасы болып табылады. Сабақтың түрі өтетін тақырыпқа, сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, қабілет ерекшелігіне, сабақтың мақсатына қарай белгіленеді. Егер сабақ бірсарында өтетін болса, оқушының оқуға деген қөзқарасы өзгереді. Ойлау белсенділігі төмендейді, ынтасы, пәнге деген қызығушылық тежеледі.
Description
Keywords
лингвистика, метафора, диалог, метонимия, синекдоха, СДУ хабаршысы - 2022, №2
Citation
С.А. Сыргабекова / СӨЗДІҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ / СДУ хабаршысы - 2022