ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР
Loading...
Date
2016
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Бейвербалды қарым-қатынас түрінің жасалу жолдары
мен табиғатын ашып көрсету, әсіресе оның дискурс тұрғысынан көрінісін
талдап-жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді.
Өйткені тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды
салаларының фактілерін салыстыра, салғастыра отырып, кешенді
қарастыру барысында бейвербалды амалдардың көптеген сипаттарын
ашып көрсетуге болады. Мұндай мақсатқа жетуге арқау болар өзек
ретінде педагогикалық дискурс мәселесі туралы да сөз ету орынды,
өйткені білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен,
оқушы мұғаліммен қарым-қатынастың бейвербалды түрін де көп
пайдаланады. Сондықтан мақалаға сабақ үрдісіндегі мұғалімнің
оқушымен қарым-қатынасын жүзеге асыратын бейвербалды амалдар
арқау болған. Педагогикалық дискурстың құрамында коммуниканттар
арасындағы интеграция мен қарым-қатынасын қарау маңызды болып
табылады. Ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жазба мәтінде бейвербалды
элементтердің қолданысы аз және қолданылу аясы шектеулі болады.
Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші мен тыңдаушы және ақиқаттық жағдай
қалыптасқан. Осындай ерекшеліктерге байланысты сөйленістерде ғана
арнайы қолданылатын паралингвистикалық құралдар тілге еніп,
қалыптасып кеткен.
Description
Keywords
Дискурс, бейвербалды амалдар, лингвистика, тіл
Citation
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР / Мұхамади Қ., Иісова Э. / Suleyman Demirel University - 2016