24 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 24
Item Open Access ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ РӨЛІ(SDU University, 2025) Давлетова А.Жұмыста азаматтық заңнаманы және сот практикасын талдау жолымен шаруашылық серіктестіктер тәжірибесіндегі жарғылық капиталдың құқықтық мәртебесі қаралады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының корпоративтік мәдениетіндегі цифрлық валюталардың мәртебесі сипатталады. Қазіргі таңда кәсіп жүргізудің тиімді түрі ретінде шаруашылық серіктестіктер қарастырылғандықтан, мемлекетімізде осы іспеттен кәсіп жүргізілу кең тараған. Қазақстан заңнамасында Шаруашылық серіктестіктердің құрылуының мемлекет тарапынан бекітілген негіздерінің бірі – жарғылық капиталды құру болғанымен, тәжірибеде жарғылық капитал құрылмағанынан кәсіптер тәуекелге ұшырамайды, және осы себептен кредиторлар алдында жауапкершілік артпауына тиімді мүмкіндік болып табылады. Жұмыста заңнаманың осал тұстары анықталып, сот практикасында кездесетін даулар қарастырылып, заңнамаға қосымша толықтырулар ұсынылады.Item Open Access Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері(2022) Муслманбекова Н.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 27 кесте, 10 сурет, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде субмәдениет ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың анықтамасының негізінде түсініктеме беріледі. Субмәдениеттің шығу себебі, пайда болуы және жастарға тигізер әсері айтылады. Статистикалық зерттеу нәтижелері мен 6-І! сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде ҚР субмәдени топтар анықталады. Субмәдениеттің оқушылардың тілдік тұлғасына әсері қарастырылып, мәектеп оқушысының тілдік моделі жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қарастырудағы субмәдениеттің рөлі анықталады. Оқушылардың арасындағы танымал «ОРОР», «геймерлер» және «аниме» субмәдени топтарына анықтама беріліп, сол субмәдениеттің өкілдерінің тілдік тұлғасы талданады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде таңдалып алынған үш субмәдени топтың сөздік қоры жасалады. Оқушылардың тілдік тұлғасына субмәдениеттің кері әсерімен күресудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады. Шетел ғалымдарының субмәдениеттің алдын алу және оқушылардың тілдік тұлғасын көтеру бойынша жүгізген зерттеу жұмыстары негізге алынады. Әдістің тиімділігін дәлелдеу барысында жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижесі жасалады. Нысанға алынған фокус топтағы оқушылардың нәтижелері жазылып, әдіске кері байланыс беріледі. «Сөйле» тіл клубының аясында жасалған жұмыстар және олардың тигізген пайдасы талданады. Оқушылардың сөз мәдениетін көтеру және субмәдениеттің кері әсерлерінің алдын алу мақсатында «Сөз шебері» факультатив сабағы жасалып, сабақты тиімді өткізу мақсатында бірінші сабақтың үлгісі беріледі. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде субмәдениетпен күресу мақсатында тек қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ғана емес, барлық пән күресу керегі аталып өтеді. Оқушылардың тілдік тұлғасын қарапайым деңгейден орта деңгейге көтеру аталып өтеді. Ұсынылған әдістердің тиімдігі, салдарымен емес, себеппен күресудің маңызы айталады.Item Open Access Грамматикалық материалдарды меңгерту арқылы оқу-танымдық құзыреттілікті арттырудың әдістемесі (7-8 сыныптар)(SDU University, 2025) Багдатқызы С.Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар мұғалім қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Құзіреттілік қалыптастыру дегеніміз – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Қазақ тілін оқыту - қызық да қиын. Әрбір пәнді заман талабымен сай өз деңгейінде игерте білу , қай уақытта болмасын, ең маңызды мәселе болып қалғаны анық. “Сабақ беру тек қана шеберлік емес,ол - жаңадан жаңаны табатын өнер” деп Ж.Аймауытов айтқандай қазіргі оқыту саласында әртүрлі жаңа әдістерді қолдану тәжірибеге салынып, нәтижесін беруде.Осы орайда,қазақ тілі сабағында білім алушылардың оқу-танымдық құзіретін арттыруды ұйымдастыруда жаңашыл әдістердің алатын маңыздылығы жоғары болмақ.Item Open Access Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері(2022) Қуаныш А.Қ.Диссертациялық жұмысының тақырыбы: Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 84 бет, 7 кесте, 27 сурет, зерттеу барысында 56 әдебиет қаралды. Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында публицистикалық стиль және оның теориялық негіздеріне тоқталдық. Тіл біліміндегі публицистикалық стильдің зерттелуі мен бөлінісін қарастырдық. Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының прагматикалық аспектісі анықталып, публицистикалық стильдің мектеп бағдарламаларындағы көрінісі нақтыланды. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші тараудағы тұжырымдарға сүйене отырып, публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдістемелік негіздері анықталды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің педагогикалық негізі мен оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің тиімді әдістәсілдері қарастырылды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертуге қатысты эксперименттік талдау жасадық. Публицистикалық стильді меңгертуде орындалатын жаттығулар мен тапсырмалар осы тарауда ұсынылып отыр. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы зерттеу жұмысына шолу жасалынып, ғылыми зерттеудің жеткен мақсаттары нақтыланды.Item Open Access Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері(2022) Касимова А.Д.Диссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері. Жұмыстың құрылымы: Нормативтік сілтемелер, анықтамалық көрсеткіш, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, 2 тараудан, 3 тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 105 бет, 3 кесте, 80 сурет, зерттеу барысында 48 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде: Білім берудегі сандық ресурстар және олардың зерттелуі туралы ғалымдар еңбегіндегі теориялық мәселелерге шолу жасалынды. Оқу-тәрбие үдерісінде сандық ресурстарды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері жайлы мәселелер қарастырылды. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың ұстанымдары іріктелінді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді сандық бағдарламалар ерекшеліктері және оларды қолдану жолдары көрсетілді. Сандық бағдарламалар арқылы оқытуда түсіндірме иллюстрациялық әдіс, зерттеу және іздеу әдісі, оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау мен түзету әдісі, рефлексия әдісін негізге алып, цифрлық бағдарламалар арқылы оқыту тапсырмалары жасалынды. 8-сынып қазақ тілі пәнін оқытуда, оқу мақсаттарын негізге ала отырып, сандық ресурстар арқылы оқыту тапсырмалары әзірленді. Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың эксперименттік нәтижелеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде: Жалпы білім беретін мектепте 8 сынып қазақ тілін оқытуда оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін жасалған тәжірибенің нәтижесінде оқушылар қоғамдағы ақпараттың рөлі мен мән мағынасын, ақпараттық технологиялардың маңызын түсінді, бағдарламалардың қызметін, және оларды дұрыс қолдана білу амалдарын үйренді және де ақпараттық мәдениетті енгізу мақсатына бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу қабілетіне ие болды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар білім алушылардың лексика-грамматикалық білімі мен тілдік төрт дағдыларын (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Open Access Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі(2022) Әбдіқалиева Қ.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау (тараушадан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 104 бет, 6 кесте, 5 сурет, 13 сызба бар, зерттеу барысында 83 әдебиет қаралды. Кілт сөздер:синтаксис, интеграция, басқа ғылым салалары, дидактика, әдіс-тәсілдер, функционалды сауаттылық, заман талабы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде синтаксис саласындағы өзекті мәселелерге шолу жасалынды. Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар турасындағы ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері қарастырылды. Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудың маңызы айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудағы интеграциялық ұстанымдар іріктелінді. Әр ұстанымға мысалдар мен тапсырмалар берілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде синтаксисті экономика, экология, нутрицология) құқық, философия, зоология, технология, әлеуметтану секілді ғылым салаларымен интеграциялай оқыту үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдер іріктеліп, тапсырмалар жүйеленді. Синтаксисті интеграциялай оқыту үшін ең тиімді деген жаттығу, қатысымдық әдіс, интерактивтік, салыстыру , проблемалық әдіс, жобалау әдістері қарастырылды. Жасалған әр тапсырманың мақсаты мен күтілетін нәтижелері көрсетілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде синтаксисті оқытуда жалаң білім беріп қана қоймай, заман талабына сай функционалды сауатты, жан-жақты, дүниетаным көкжиегі кең тұлғаларды дамыту жолында мұғалімнің оқушыны басқа ғылым салаларынанан хабардар ететін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетін әдістер бойынша жасалған тапсырмаларды орындату маңыздылығы айқындалды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың грамматикалық білімі мен әртүрлі дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Open Access Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантикаграмматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері(2022) Әсет А.С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертациялық жұмыстың көлемі: 78 бет, 7 сурет, 9 кесте, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: етістік, аналитика, формант, әдіс, технология, стратегия, сынып, қазақ тілі, әдістеме, жаттығулар, тапсырма, стратегия. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық формаларының зерттелуі қарастырылды. Соның негізінде аналитикалық формалы етістіктердің басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі мен ұқсастықтары ажыратылды, аналитикалық формаларды жасауда көсемше тұлғаларының ерекшеліктері айқындалды және оны жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі көрсетілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудегі кездесетін қиындықтарды анықтау арқылы, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды. Ол екі бағытта айқындалды. Аналитикалық формалы етістіктерді ажырата алу; аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық жағынан дұрыс түсіну және ажырата алу. Осыған байланысты тұтастай алғанда, екі мәселені практикалық тұрғыдан игертудегі тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Диссертация | жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар білім алушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне, кейс тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, ЕАФ-тарын жетік меңгеруіне, жалпы морфологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы түйін жасалды.Item Open Access Орта мектепте қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялай оқыту әдістемесі(SDU University, 2025) Куатова И.Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде әдебиетті жаратылыстану ғылымдарымен интеграциялау үдерісі қазіргі білім беру парадигмасы аясында теориялық тұрғыда негізделген. Бұл тарауда пәнаралық тәсілдің өзектілігі, оның оқушылардың тұтас дүниетанымын қалыптастыру мен әмбебап оқу дағдыларын дамытудағы тиімді құралы ретіндегі маңызы басты назарда қарастырылған. Қазақстанның білім беру жүйесінде интеграциялай оқытуға байланысты жүргізілген ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, оның тұжырымдамалық негіздері, педагогикалық - әдіснамалық алғышарттары мен мектеп тәжірибесіне енгізілу деңгейі талданған. Сонымен қатар, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзара кірігуінің тарихи қалыптасу динамикасы — кеңестік кезеңнен бастап қазіргі білім беру реформаларына дейінгі аралықта қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептерде интеграцияланған сабақтарды жүзеге асыру тәжірибесі де сараланып, мұғалімдердің іс жүзінде кездесетін негізгі қиындықтары мен қайшылықтары айқындалған. Зерттеу жұмысының екінші бөлімі қазіргі орта мектеп жағдайында қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялау үдерісінің практикалық қырларын ашуға бағытталған. Әдеби мазмұнды математика, биология, география және информатика сияқты пәндермен табиғи түрде ұштастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдерге ерекше назар аударылған. Оқу материалының тақырыптық, ұғымдық және контекстуалдық бірлігіне негізделген пәнаралық сабақтарды жоспарлау мен өткізудің тиімді жолдары ұсынылған. Маңызды аспектілердің бірі — поэзиялық шығармаларды пәнаралық ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде қарастыру. Өлең мәтіндерін талдау жаратылыстану пәндеріндегі ұғымдар мен құбылыстармен байланыстырылып, оқушылардың ғылыми түсініктерді көркем әрі эмоционалды мазмұнмен ұштастыра отырып меңгеруіне жол ашады. Бұл тәсіл оқушылардың өлең құрылымын түсінуін ғана емес, сонымен қатар ғылым тіліне жақындауын да қамтамасыз етеді. Сканировано с CamScanner онымен қатар бұл бөлімде интеграциялай оқыту әдістемесінің оқушыларардың ғылыми және сыни тұрғыдан ойлауын дамытудағы рөлі қарастырылған. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ әдебиеті мен жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқытудың теориялық және практикалық негіздері жан-жақты сараланып, бұл тәсілдің оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі мен мәні нақты көрсетілген. Бірінші тарауда интеграциялай оқыту әдістемесінің теориялық алғышарттары негізделіп, көркемдік пен ғылымның табиғи үйлесімі көрсетілсе, екінші тарауда нақты әдістер мен тәсілдер ұсынылып, поэзия арқылы ғылыми ұғымдарды меңгерту, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту жолдары ұсынылған. Зерттеу нәтижесінде интеграциялай оқыту – білімді терең әрі жан-жақты меңгертудің тиімді жолы ретінде танылып, функционалдық сауаттылық пен ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда маңызды құрал бола алатыны дәлелдендіItem Open Access Қазақ әдебиетіндегі архетиптік образдар мен сюжеттерді орта мектепте оқыту әдістемесі(SDU University, 2025) Сағынғанова Г.Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі: Зерттеу жұмысы 61 бет, 5 кесте, 2 суреттен тұрады. Зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: Архетип, архетиптік бейне, архетиптік сюжет, оқыту әдісі, мәдениетаралық байланыс. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде архетиптік бейнелер мен сюжеттердің теориялық және әдіснамалық негіздері қарастырылды. Архетип ұғымының философиялық, психологиялық бастаулары ашылып, әсіресе К.Г.Юнгтің архетиптер жүйесі (анима, анимус, көлеңке, дана, т.б.) әдеби шығармалармен байланысты талданды. Әдебиеттегі көркем бейне мен сюжеттік құрылымдарды архетиптік тұрғыдан танудың маңызы сипатталып, қазақ және әлем әдебиетіндегі дәстүрлі архетиптердің көрініс формалары мен функциялары нақты мысалдар арқылы сараланды. Сонымен қатар, архетиптік құрылымдарды оқытудың философиялық және педагогикалық негіздері анықталып, олардың орта мектеп оқушыларының дүниетанымын, сыни ойлауын және рухани-эстетикалық қабілеттерін дамытудағы әлеуеті дәйектелді. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде қазақ әдебиетіндегі архетиптік образдар мен сюжеттерді орта мектепте оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылды. Оқыту барысында қолдануға болатын тиімді әдістер ретінде герменевтикалық талдау, салыстырмалы әдебиет тәсілі, интерактивті технологиялар, рөлдік ойын және ақылдың алты қалпағы ұсынылды. Сонымен қатар, жүргізілген педагогикалық эксперимент арқылы бұл әдістеменің оқушылардың әдеби-когнитивтік қабілеттерін, рухани-эстетикалық танымын дамытуда жоғары нәтижеге жеткізетіні дәлелденді. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде жүргізілген зерттеу нәтижесінде архетиптік бейнелер мен сюжеттерді орта мектепте оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері айқындалып, әдеби білім мазмұнын тереңдетудің тиімді жолдары ұсынылды. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері әдебиет сабағында оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, көркем мәтінді терең түсінуіне, сондай-ақ рухани-этикалық құндылықтарды бойына сіңіруіне мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістемелік модель мұғалімдер үшін практикалық құрал ретінде қолдануға жарамды.Item Open Access ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ ТАУАР БЕЛГІСІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ(SDU University, 2025) Абдуллаева А.Бүгінгі уақытта интеллектуалдық меншік, әсіресе тауар белгілері кәсіпкерлік қызмет жүргізуде тұлғаларды бірін-бірінен ажырату үшін қолданылатын маңызды құрал болып табылады. Виртуалды кеңістік технологияларының қарқынды дамуы, кең таралуы, сонымен қатар пайдаланушыларға қолдануға жеңілдігіне орай, тұтынушылардың көп бөлігі тауар сатушылар мен қызмет көрсетушілермен ара-қатынасуды виртуалды жолмен асыруды жөн көреді. Тауар белгілерінің иелерінің құқықтары бірнеше жолдармен жүзеге асырылады. Бұл мәселелер отандық және шетелдік заңнамаға талдау және тәжірибені зерттеу арқылы қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі. Виртуалды кеңістік қазіргі экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Мұнда интернет, әлеуметтік медиа және цифрлық платформалар тауарлар мен қызметтерді сатуда шешуші рөл атқарады. Мұндай жағдайларда тауар белгілерін қорғау ерекше маңыздылыққа ие болады, өйткені брендтер компаниялардың маңызды материалдық емес активіне айналады. Негізгі мәселе - виртуалды кеңістік тауар белгілерін қорғау үшін жаңа қиындықтар туғызады. Олардың ішінде домендік атауларда, жарнамалық науқандарда, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ маркетплейстердегі брендтерді заңсыз пайдалануды атап өтуге болады. Мысалы, киберквоттинг және хэштегтерді заңсыз пайдалану құқық иелерінің мүдделеріне қауіп төндіреді. Технологияның дамуы цифрлық ортада тауар белгілерін пайдалану мүмкіндіктерінің кеңеюіне әкелді. Бұл оларды әлеуметтік медиа мазмұнына біріктіруді, жарнама мен маркетингте пайдалануды қамтиды. Сонымен қатар, виртуалды кеңістіктердің, соның ішінде метаверстердің танымалдылығының артуы тауар белгілерін қорғау мәселесін қайта қарастыруды қажет етеді. Тауар белгілері зияткерлік меншіктің ең көп таралған объектілері болып табылады, өйткені тауарларды тұтыну мен тауарлардың әртүрлілігінің өсуі оларды нарықта бөлуді талап етеді. Өндірушілер тауар белгілерін домендік атауларды тіркеу және жарнамада, әлеуметтік желілерде және интернетте жарнамалау арқылы өздерін нарықта ерекшелендіру үшін қолданады. Құқықтық нормалар технологиялардың дамуына үлгермейтін жағдайларда тауарлық белгілерді қорғаудың тиімді құралдарын әзірлеу ерекше маңызға ие болады. Бұдан басқа, Қазақстанда нысанасы тауар белгілеріне айрықша құқықтар болып табылатын даулар саны өсуде. Сонымен бірге, елде тәуелсіз мамандандырылған сот жоқ, сондықтан соттар қиындықтарға тап болады, ал тараптар сәйкесінше айрықша құқықтарды қорғаудың қажетті деңгейін ала бермейді.
- «
- 1 (current)
- 2
- 3
- »