Қазақ әдебиетіндегі архетиптік образдар мен сюжеттерді орта мектепте оқыту әдістемесі

Loading...
Thumbnail Image

Date

2025

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

SDU University

Abstract

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі: Зерттеу жұмысы 61 бет, 5 кесте, 2 суреттен тұрады. Зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: Архетип, архетиптік бейне, архетиптік сюжет, оқыту әдісі, мәдениетаралық байланыс. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде архетиптік бейнелер мен сюжеттердің теориялық және әдіснамалық негіздері қарастырылды. Архетип ұғымының философиялық, психологиялық бастаулары ашылып, әсіресе К.Г.Юнгтің архетиптер жүйесі (анима, анимус, көлеңке, дана, т.б.) әдеби шығармалармен байланысты талданды. Әдебиеттегі көркем бейне мен сюжеттік құрылымдарды архетиптік тұрғыдан танудың маңызы сипатталып, қазақ және әлем әдебиетіндегі дәстүрлі архетиптердің көрініс формалары мен функциялары нақты мысалдар арқылы сараланды. Сонымен қатар, архетиптік құрылымдарды оқытудың философиялық және педагогикалық негіздері анықталып, олардың орта мектеп оқушыларының дүниетанымын, сыни ойлауын және рухани-эстетикалық қабілеттерін дамытудағы әлеуеті дәйектелді. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде қазақ әдебиетіндегі архетиптік образдар мен сюжеттерді орта мектепте оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылды. Оқыту барысында қолдануға болатын тиімді әдістер ретінде герменевтикалық талдау, салыстырмалы әдебиет тәсілі, интерактивті технологиялар, рөлдік ойын және ақылдың алты қалпағы ұсынылды. Сонымен қатар, жүргізілген педагогикалық эксперимент арқылы бұл әдістеменің оқушылардың әдеби-когнитивтік қабілеттерін, рухани-эстетикалық танымын дамытуда жоғары нәтижеге жеткізетіні дәлелденді. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде жүргізілген зерттеу нәтижесінде архетиптік бейнелер мен сюжеттерді орта мектепте оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері айқындалып, әдеби білім мазмұнын тереңдетудің тиімді жолдары ұсынылды. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері әдебиет сабағында оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, көркем мәтінді терең түсінуіне, сондай-ақ рухани-этикалық құндылықтарды бойына сіңіруіне мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістемелік модель мұғалімдер үшін практикалық құрал ретінде қолдануға жарамды.

Description

Keywords

Қазақ әдебиеті, герменевтикалық талдау, архетиптік образдар

Citation

Сағынғанова Г / Қазақ әдебиетіндегі архетиптік образдар мен сюжеттерді орта мектепте оқыту әдістемесі / SDU University / ПЕДAГОГИКAЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМAНИТAРЛЫҚ ҒЫЛЫМДAР ФAКУЛЬТЕТІ

Collections