Грамматикалық материалдарды меңгерту арқылы оқу-танымдық құзыреттілікті арттырудың әдістемесі (7-8 сыныптар)

No Thumbnail Available

Date

2025

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

SDU University

Abstract

Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар мұғалім қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Құзіреттілік қалыптастыру дегеніміз – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Қазақ тілін оқыту - қызық да қиын. Әрбір пәнді заман талабымен сай өз деңгейінде игерте білу , қай уақытта болмасын, ең маңызды мәселе болып қалғаны анық. “Сабақ беру тек қана шеберлік емес,ол - жаңадан жаңаны табатын өнер” деп Ж.Аймауытов айтқандай қазіргі оқыту саласында әртүрлі жаңа әдістерді қолдану тәжірибеге салынып, нәтижесін беруде.Осы орайда,қазақ тілі сабағында білім алушылардың оқу-танымдық құзіретін арттыруды ұйымдастыруда жаңашыл әдістердің алатын маңыздылығы жоғары болмақ.

Description

Keywords

7-8 сыныптарда қазақ тілін оқытудың грамматикалық мәселелері, Оқу-танымдық құзыреттілікті арттырудың психологиялық аспектісі

Citation

Багдатқызы С / Грамматикалық материалдарды меңгерту арқылы оқу-танымдық құзыреттілікті арттырудың әдістемесі (7-8 сыныптар) / SDU University / ПЕДAГОГИКAЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМAНИТAРЛЫҚ ҒЫЛЫМДAР ФAКУЛЬТЕТІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КAФЕДРAСЫ

Collections