Masters
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Masters by Subject "интерактивті әдістер"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдері(2022) Сырғабекова С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Создің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынағын оқыаудың әдіс-тәсілдері» Диссертация жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертация жұмысының көлемі: 78 бет, 7 сурет, 19 кесте, 12 сызба зерттеу барысында 50 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасына жалпы сипаттама» деп атап, сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын ажырату оның жасалу әдіс-тәсілдерін оқытудың лингвистикалық, дидактикалық негіздерін сараптадық. Ауыспалы және лексикалық мағына туралы түсініктеме бере отыра, тиімді әдістермен сабақ өтуде аталған аспектілер негізінде теориялық түсініктемелер жасалды. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдарының еңбектері шолу жасап, теориялық бөлімді жүйелі тұжырымдадық. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдары: А.Айғабылов «Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті», И.Ұйықбаев «Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері», Виноградов В.В. «Лексикология и лексикография», Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева «Жаңаша оқыту - заман талабыСағындықұлы Б. «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология». І-бөлім, Таубаева ШІ, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. «Педагогика», Берикханова А.Е. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе». т.б. еңбектер қарастырылып, жүйелі тұжырымдар жасалды. Қазіргі мектеп бағдарламасында сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдерін оқытудың тиімді жолдары, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде сабақ барысында көптеген заманауи оқыту әдістерін қолдану, оқушылардың лексикалық талдау жасау қабілеттері, ситуациялық жағдаяттарды талқылаудағы шығармашылықтанымдық артықшылықтар мен нәтижелері ұсынылды. Ұсынылған әдістәсілдердің тиімділігін анықтау үшін практикалық сабақтар мен әртүрлі ой сергектер, психологиялық ахуал тудырушы тапсырмалар беріліп, нәтижелері талданды. 22 Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар оқушының жаңа деңгейге көтерілуіне, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, тақырыпты жетік меңгеруіне, жалпы лексикологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы жазылған.