Masters
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Masters by Subject "зияткерлік әлеует"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Қазақ тілі сабағында оқушылардың зияткерлік қабілетін арттырудың тиімді жолдары(2022) Торешова Қ.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ тілі “сабағында оқушылардың зияткерлік қабілетін арттырудың тиімді жолдары. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 79 бет, 2 кестеден, 3 диаграммадан тұрады. Зерттеу барысында 50 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тілін терең оқытатын мектептер мен жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілінің білім бағдарламасына, білім беру мазмұнына талдау, салыстыру жасалды. Қазақ тілі бойынша ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлар талқыланды. Қазақ тілі бойынша оқу мақсаттарына шолу жасалынды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілін оқытуда қолданылатын технологияларға шолу жасалынды. Соның ішінен қазақ тілін оқытуда оқушылардың зиятерлік қабілетін арттыратын әдіс-тәсілдер жүйеленіп, тапсырмалар жасалынды. Сол тапсырмалар бойынша эксперимент жасалынып, нәтижесі көрсетілді. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, зерттеу жұмысы бойынша жасалған тұжырымдамалар берілді. Диплом жұмысы бойынша қойылған мақсат-міндеттер орындалды.