Masters
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Masters by Subject "ақпараттық технология"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері(2022) Касимова А.Д.Диссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері. Жұмыстың құрылымы: Нормативтік сілтемелер, анықтамалық көрсеткіш, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, 2 тараудан, 3 тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 105 бет, 3 кесте, 80 сурет, зерттеу барысында 48 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде: Білім берудегі сандық ресурстар және олардың зерттелуі туралы ғалымдар еңбегіндегі теориялық мәселелерге шолу жасалынды. Оқу-тәрбие үдерісінде сандық ресурстарды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері жайлы мәселелер қарастырылды. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың ұстанымдары іріктелінді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді сандық бағдарламалар ерекшеліктері және оларды қолдану жолдары көрсетілді. Сандық бағдарламалар арқылы оқытуда түсіндірме иллюстрациялық әдіс, зерттеу және іздеу әдісі, оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау мен түзету әдісі, рефлексия әдісін негізге алып, цифрлық бағдарламалар арқылы оқыту тапсырмалары жасалынды. 8-сынып қазақ тілі пәнін оқытуда, оқу мақсаттарын негізге ала отырып, сандық ресурстар арқылы оқыту тапсырмалары әзірленді. Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың эксперименттік нәтижелеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде: Жалпы білім беретін мектепте 8 сынып қазақ тілін оқытуда оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін жасалған тәжірибенің нәтижесінде оқушылар қоғамдағы ақпараттың рөлі мен мән мағынасын, ақпараттық технологиялардың маңызын түсінді, бағдарламалардың қызметін, және оларды дұрыс қолдана білу амалдарын үйренді және де ақпараттық мәдениетті енгізу мақсатына бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу қабілетіне ие болды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар білім алушылардың лексика-грамматикалық білімі мен тілдік төрт дағдыларын (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.