Search Results

Now showing 1 - 10 of 75
  • ItemOpen Access
    ТУЫНДАУШЫ ГРАММАТИКА ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДЫ МЕҢГЕРТУ
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) М.Д. Атакеева
    Аңдатпа. Бұл мақалада тілді шет тілі ретінде оқытуда қолданылатын туындаушы грамматика теориясының қалыптасуы, туындаушы грамматиканың тілдің ішкі және сыртқы құрылымы мен байланысы, туындаушы грамматика теориясын қазақ тілінің лексикалық қабатын өзге ұлт өкілдеріне меңгертудегі маңызына тоқталған. Туындаушы грамматика теориясының негізін салған американ психолингвисі Н.Хомский еді. Туындаушы грамматика – кең мағынадағы «грамматика» ұғымымен сәйкес келеді. Тілдік бірліктердің механикалық реттіліген сақтай отырып, сөздерден күрделі композиталық бірліктер құрастыруды мақсат етеді. Туындаушы грамматиканың негізгі заңдылықтарына төмендегі қағидалар жатады: 1.Тілдерді үйренудің ортақ, әмбебеп заңдылықтары бар. Өйткені кез-келген тілде бастауыш пен баяндауыштың болары сөзсіз. Тіл үйренуші нысанға алынған тілдің структуралық ерекшелігін біліп алуы маңызды. Шектеулі сөздер арқылы шексіз сөйлемдер құрастыру. Бұл қағида бойынша адам санасында жатқан бір ұғымды бір неше формада сыртқа шығара алады. Ой тереңінде жатқан ұғым – тілдің ішкі құрылымы, сөйлесім әрекетімен жарыққа шыққан тілдік бірліктер – тілдің сыртқы формасына жатады. Тілдің ішкі құрылымында жатқан ой сыртқы құрылымға трансформацияланады.
  • ItemOpen Access
    О НЕКОТОРЫХ ПРИМЕНЕНИЯХ ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ В ЗДРАВООХРАНЕНИИ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Дуйсебаев Н.
    Аннотация. Статья посвящена основным аспектам разработки медицинских информационных систем. Статья будет полезна как архитекторам и разработчикам медицинских информационных систем (МИС), так и пользователям современных МИС. В статье выполнен обзор медицинских информационных систем и динамики их развития за 2005 - 2010 гг. Приводятся усредненные данные о выполненных инсталляциях, распределении разработок по технологиям и системам управления базами данных, по видам лечебно-профилактических учреждений и формам собственности. Авторами также выполнена и описана в данной статье общая оценка состояния рынка КМИС, дается прогноз его развития и отмечаются основные тенденции, сформировавшиеся за годы наблюдения.
  • ItemOpen Access
    ӘР ТҮРЛІ ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.Т. Қайыңбаев; Э.Т. Амантаева
    Анңдатпа. Математикалық пәндерді оқыту барысында маңызды роль атқаратын мәселелердің бірі есеп және оның ішінде қозғалысқа байланысты есептер. Өмірдегі қозғалыстардың түрі өте көп. Бір түзу бойымен бір бағытта болатын немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, бір нүктеден басталатын немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар, әр бағытта болатын қозғалыстар, шеңбер бойымен бір бағытта немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, осы жағдайлардағы бір нүктеден немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар және т.б. Бір обьектінің немесе екі, үш және одан да көп обьектінің қозғалыстары. Мақалада, осындай қозғалыс түрлерінің математикалық моделдері сарапталады.
  • ItemOpen Access
    БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ҚАҺАРМАННЫҢ ПОРТРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАЛА ҰҒЫМЫНА САЙ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ж. Мамбетов; Р. Адай
    Аңдатпа. Ерліктің, Отан сүйгіштіктің, белгілі бір мақсат жолында жан аямай күресетіндіктің, намыстылықтың неше алуан үлгісін танытатын қаһармандар эпос туындыларында көптеп кездеседі. Әсіресе қаһармандық жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеясы. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның, мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, жауды жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі мәселе болып келген. Дәл осы арман батырлық жырлардың айрықша сипаты болып табылады. Қазақ эпосының күрделі бөлігін құрайтын батырлар жырында осы белгілер толығымен бар. Әрине әрбір жырдың құрылысына, идеялық бағытына лайық ерлік идеясы түрлі дәрежеде көрініс береді. Батырлық жырлардағы ерліктік сипаты өзгеше. «Жеңілмейтін қаһармандарды» суреттеуі және оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін танытады.
  • ItemOpen Access
    ОҚУШЫЛАРҒА СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) В.Г. Бостанов; Д. H. Төлбасы
    Анңдатпа. Бұл мақалада математиканы электронды оқытудың болашақ дамуы үшін ерекше маңызы бар дамыған технологиялар мен GeoGebra қосымшасы арқылы оқытудың тиімділіктері көрсетілген. GeoGebra - бұл геометрия, алгебра, статистика және математикалық талдау бойынша интерактивті қосымша, математика мен жаратылыстану пәндерін бастауыш сыныптан университет деңгейіне дейін оқытып, үйретуге мүмкіндік беретін арнайы программалық орта. Оны белсенді және проблемалы-бағытталған оқыту үшін сыныпта да, үйде де математикалық тәжірибелер мен жаңашылдықтарға қолдануға болады. Бұл жұмыста біз математикалық есептерді Kypy, шешу және суреттеу, сызбалар мен графиктер сызу үшін жоғарыда аталған бағдарламалық жасақтаманы қолданудың эскизін көрсетеміз. Сонымен бірге екі айнымалы бар сызықтық теңдеулер жүйесін GeoGebra қосымшасында пайдаланып, шешу алгоритмі сипатталады.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚИССА-ДАСТАНДАРДАҒЫ ДҮНИЕТАНЫМ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ә.С. Зейнеғабылов
    Аңдатпа. Мақалада қазақ халық ауыз әдебиетіндегі қиссадастандардың жанры,поэтикасы мен жалпы фольклорлық ерекшеліктері туралы , олардың мазмұны мен стилі бойынша білім беру мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетін көптеген пайдалары жайында айтылды.Орта ғасырлардағы ислам діні тарихына қатысты оқиғаларды мейлінше жинақтап,топтап,біртұтас дүние құрауға ат салысқан қисса-дастандардың табиғатын түсініп,бағалауымыз керек. Тарихымызда имани әңгімелердің қайнар көзі болған қисса-дастандар - адамды дін догмасына ұрынудан сақтайтын бірден-бір рухани иммунитет болып табылады.Сондай-ақ қазақ халқының жоғалуға таяған ең басты мәдени құндылығын бірі екені сөз қозғалды.
  • ItemOpen Access
    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ НАСИХАТ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Карымсақова Қ.К.
    Аңдатпа. Бұл мақалада Діни экстремизм - діни идеологияға негізделген экстремизмнің бір түрі екендігі айтылады. Діни экстремизмге: экстремистік діни идеология, экстремистік діни сезімдер, экстремистік діни мінез-құлық, экстремистік діни ұйымдар туралы айтылады. Сонымен қатар. Қазақстан мемлектіне халықаралық терроризмнің қауібі жайында және де террористік лаңкес топтардың интернет арқылы өз идеологияларын жастарға тарату туралы сөз қозғалады.
  • ItemOpen Access
    ФРАКТАЛЬНАЯ РАЗМЕРНОСТЬ КАЗАХСТАНА
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Орынбасаров Д.
    Аннотация. Поскольку каждая страна имеет свои отличительные особенности, такие как столица, язык или город, для нее также может быть рассчитано граничное фрактальное измерение. Самое интересное, что фрактальное измерение для каждой страны различно, оно особенное и не совпадает, и поэтому оночем сложнее тем больше. Фрактальная размерность является одним из способов определения размерности множества в метрическом пространстве. В данной статье добавлен метод нахождения и окончательного расчета фрактальной размерности границы Казахстана.
  • ItemOpen Access
    ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Э.Қ. Мәулен
    Аңдатпа. Мақалада оқушылардың танымдық іс- әрекетінің теориялық негіздері қарастырылған. Erep oқу үрдісінде балаларды өзіндік және шығармашылық қызметке үйрететін болса, онда олардың интеллектуалдық дамуы және білімге деген танымдық қызығушылығы жандандырылады..
  • ItemOpen Access
    АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КӨРІНІСІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б.Д. Керімбекова; Н.Е. Мубарак
    Аңдатпа. Бұл мақала тақырыбының өзектілігі - Асқар Алтай шығармаларындағы тәуелсіздік идеясының жан-жақты қарастырылуы. Тәуелсіздк кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік қызметін анықтау үшін Асқар Алтай шығармаларын жан-жақты талдап, прозадағы маңызын айқындай түседі. Қазіргі қазақ прозасында тәуелсіздік идеясы қандай қырымен көрінді, оның мән-маңызы, адам болмысын өз шығармасына арқау еткендегі қызметі қандай болды деген сауалдарға жауап беру үшін салыстыру негізінде ой қорыту болды. Асқар Алтай прозасындағы адам мен қоғамкөріністерін шығарма негізінде талдап көрсетті.