БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ҚАҺАРМАННЫҢ ПОРТРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАЛА ҰҒЫМЫНА САЙ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2020

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2020

Abstract

Аңдатпа. Ерліктің, Отан сүйгіштіктің, белгілі бір мақсат жолында жан аямай күресетіндіктің, намыстылықтың неше алуан үлгісін танытатын қаһармандар эпос туындыларында көптеп кездеседі. Әсіресе қаһармандық жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеясы. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның, мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, жауды жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі мәселе болып келген. Дәл осы арман батырлық жырлардың айрықша сипаты болып табылады. Қазақ эпосының күрделі бөлігін құрайтын батырлар жырында осы белгілер толығымен бар. Әрине әрбір жырдың құрылысына, идеялық бағытына лайық ерлік идеясы түрлі дәрежеде көрініс береді. Батырлық жырлардағы ерліктік сипаты өзгеше. «Жеңілмейтін қаһармандарды» суреттеуі және оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін танытады.

Description

Keywords

қазақ эпосы, эпос туындылары, батырлық жырлар, СДУ хабаршысы - 2020, №1

Citation

Ж. Мамбетов , Р. Адай / БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ҚАҺАРМАННЫҢ ПОРТРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАЛА ҰҒЫМЫНА САЙ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ / СДУ хабаршысы - 2020