ТУЫНДАУШЫ ГРАММАТИКА ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДЫ МЕҢГЕРТУ
Loading...
Date
2019
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
СДУ хабаршысы - 2019
Abstract
Аңдатпа. Бұл мақалада тілді шет тілі ретінде оқытуда қолданылатын туындаушы грамматика теориясының қалыптасуы, туындаушы грамматиканың тілдің ішкі және сыртқы құрылымы мен байланысы, туындаушы грамматика теориясын қазақ тілінің лексикалық қабатын өзге ұлт өкілдеріне меңгертудегі маңызына тоқталған. Туындаушы грамматика теориясының негізін салған американ психолингвисі Н.Хомский еді. Туындаушы грамматика – кең мағынадағы «грамматика» ұғымымен сәйкес келеді. Тілдік бірліктердің механикалық реттіліген сақтай отырып, сөздерден күрделі композиталық бірліктер құрастыруды мақсат етеді. Туындаушы грамматиканың негізгі заңдылықтарына төмендегі қағидалар жатады: 1.Тілдерді үйренудің ортақ, әмбебеп заңдылықтары бар. Өйткені кез-келген тілде бастауыш пен баяндауыштың болары сөзсіз. Тіл үйренуші нысанға алынған тілдің структуралық ерекшелігін біліп алуы маңызды. Шектеулі сөздер арқылы шексіз сөйлемдер құрастыру. Бұл қағида бойынша адам санасында жатқан бір ұғымды бір неше формада сыртқа шығара алады. Ой тереңінде жатқан ұғым – тілдің ішкі құрылымы, сөйлесім әрекетімен жарыққа шыққан тілдік бірліктер – тілдің сыртқы формасына жатады. Тілдің ішкі құрылымында жатқан ой сыртқы құрылымға трансформацияланады.
Description
Keywords
туындаушы грамматика, тілдің ішкі құрылымы, тілдің сыртқы құрылымы, ұғым, мағына, шектеулі сөзер, СДУ хабаршысы - 2019, №1
Citation
М.Д. Атакеева / ТУЫНДАУШЫ ГРАММАТИКА ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДЫ МЕҢГЕРТУ / СДУ хабаршысы - 2019