Ақпаратты өндіру, қабылдау және қайта өндіру: Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы мысалында

dc.contributor.authorҚыдырбаев О.
dc.date.accessioned2024-04-25T07:14:45Z
dc.date.available2024-04-25T07:14:45Z
dc.date.issued2020
dc.description.abstractАңдатпа. 2017 жылдың 12 сәуірінде "Егемен Қазақстан" газетіне Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы жарияланды. Мақала жариялана салысымен саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік басылымдар оны жаппай насихаттай бастады. Соңғы бірнеше жылда “Рухани жаңғыру” бағдарламасының негізгі идеясын көпшілікке түсіндіру үшін мемлекет бюджетінен миллиондаған қаржы бөлінген. Бұл зерттеу жұмысы Стюарт Холлдың қабылдау анализі (reception analysis) теориясына сүйене отырып, автор (яғни президент Назарбаев) аудиторияға қандай мессейдж жолдағанын, аудитория ол ақпаратты қалай қабылдап және ақпаратты қалай қайта өндіргенін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу барысында бағдарлама-мақаланың қазақ және орыс тіліндегі тақырыптары өзара салыстырылып, “Егемен Қазақстан” газетінің 1 күндік шығарылымындағы “Рухани жаңғыру” тақырыбына қатысты материалдарға контентанализ жасалды. Сондай-ақ онлайн-анкета көмегімен аудиторияның “Рухани жаңғыру” идеясын қалай түсінгенін анықтап көрдік. Зерттеу нәтижесі бір бағдарлама қазақша және орысша сөйлейтін қазақстандықтарға екі түрлі месседж жолдайтынын, мемлекеттік медиа ұсынған ақпаратты оқырман дәл сол қалпында қабылдамайтынын, тіпті кейде мүлде теріс қабылдайтынын ортаға шығарды. Осылайша мемлекет жүргізіп жатқан екі қырлы пропагандалық саясаттың тиімсіздігі, ал аудиторияның 1920-1940 жылдардағы ықпал зерттеулері (Лазарсфельд, Ласуел, т.б.) айтқандай пассив емес, керісінше, актив екендігі анықталды.
dc.identifier.citationҚыдырбаев О / Ақпаратты өндіру, қабылдау және қайта өндіру: Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы мысалында / 2020 International Young Scholars
dc.identifier.issn978-601-7537-98-2
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1330
dc.language.isoother
dc.publisher2020 International Young Scholars
dc.subjectРухани жаңғыру бағдарламасы
dc.subjectкабылдау анализі
dc.subjectидеология
dc.subjectпропаганда
dc.subject2020 International Young Scholars
dc.subject№9
dc.titleАқпаратты өндіру, қабылдау және қайта өндіру: Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы мысалында
dc.typeArticle

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
168-1-342-1-10-20200608.pdf
Size:
902.71 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
13.85 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description: