Ақпаратты өндіру, қабылдау және қайта өндіру: Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы мысалында

Loading...
Thumbnail Image

Date

2020

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

2020 International Young Scholars

Abstract

Аңдатпа. 2017 жылдың 12 сәуірінде "Егемен Қазақстан" газетіне Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы жарияланды. Мақала жариялана салысымен саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік басылымдар оны жаппай насихаттай бастады. Соңғы бірнеше жылда “Рухани жаңғыру” бағдарламасының негізгі идеясын көпшілікке түсіндіру үшін мемлекет бюджетінен миллиондаған қаржы бөлінген. Бұл зерттеу жұмысы Стюарт Холлдың қабылдау анализі (reception analysis) теориясына сүйене отырып, автор (яғни президент Назарбаев) аудиторияға қандай мессейдж жолдағанын, аудитория ол ақпаратты қалай қабылдап және ақпаратты қалай қайта өндіргенін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу барысында бағдарлама-мақаланың қазақ және орыс тіліндегі тақырыптары өзара салыстырылып, “Егемен Қазақстан” газетінің 1 күндік шығарылымындағы “Рухани жаңғыру” тақырыбына қатысты материалдарға контентанализ жасалды. Сондай-ақ онлайн-анкета көмегімен аудиторияның “Рухани жаңғыру” идеясын қалай түсінгенін анықтап көрдік. Зерттеу нәтижесі бір бағдарлама қазақша және орысша сөйлейтін қазақстандықтарға екі түрлі месседж жолдайтынын, мемлекеттік медиа ұсынған ақпаратты оқырман дәл сол қалпында қабылдамайтынын, тіпті кейде мүлде теріс қабылдайтынын ортаға шығарды. Осылайша мемлекет жүргізіп жатқан екі қырлы пропагандалық саясаттың тиімсіздігі, ал аудиторияның 1920-1940 жылдардағы ықпал зерттеулері (Лазарсфельд, Ласуел, т.б.) айтқандай пассив емес, керісінше, актив екендігі анықталды.

Description

Keywords

Рухани жаңғыру бағдарламасы, кабылдау анализі, идеология, пропаганда, 2020 International Young Scholars, №9

Citation

Қыдырбаев О / Ақпаратты өндіру, қабылдау және қайта өндіру: Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы мысалында / 2020 International Young Scholars