Masters
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Masters by Subject "дәстүрлі мәдениет"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері(2022) Муслманбекова Н.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 27 кесте, 10 сурет, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде субмәдениет ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың анықтамасының негізінде түсініктеме беріледі. Субмәдениеттің шығу себебі, пайда болуы және жастарға тигізер әсері айтылады. Статистикалық зерттеу нәтижелері мен 6-І! сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде ҚР субмәдени топтар анықталады. Субмәдениеттің оқушылардың тілдік тұлғасына әсері қарастырылып, мәектеп оқушысының тілдік моделі жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қарастырудағы субмәдениеттің рөлі анықталады. Оқушылардың арасындағы танымал «ОРОР», «геймерлер» және «аниме» субмәдени топтарына анықтама беріліп, сол субмәдениеттің өкілдерінің тілдік тұлғасы талданады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде таңдалып алынған үш субмәдени топтың сөздік қоры жасалады. Оқушылардың тілдік тұлғасына субмәдениеттің кері әсерімен күресудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады. Шетел ғалымдарының субмәдениеттің алдын алу және оқушылардың тілдік тұлғасын көтеру бойынша жүгізген зерттеу жұмыстары негізге алынады. Әдістің тиімділігін дәлелдеу барысында жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижесі жасалады. Нысанға алынған фокус топтағы оқушылардың нәтижелері жазылып, әдіске кері байланыс беріледі. «Сөйле» тіл клубының аясында жасалған жұмыстар және олардың тигізген пайдасы талданады. Оқушылардың сөз мәдениетін көтеру және субмәдениеттің кері әсерлерінің алдын алу мақсатында «Сөз шебері» факультатив сабағы жасалып, сабақты тиімді өткізу мақсатында бірінші сабақтың үлгісі беріледі. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде субмәдениетпен күресу мақсатында тек қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ғана емес, барлық пән күресу керегі аталып өтеді. Оқушылардың тілдік тұлғасын қарапайым деңгейден орта деңгейге көтеру аталып өтеді. Ұсынылған әдістердің тиімдігі, салдарымен емес, себеппен күресудің маңызы айталады.