04. SDU Business School
Permanent URI for this community
Browse
Browsing 04. SDU Business School by Subject "360° бағалау"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Ұйым персоналының қызмет нәтижесін талдау және бағалау(SDU University, 2025) Сапарбек Кобеш; Нағашбек Елдос; Сағатұлы Мурат; Маулимов Ерлан; Туракулов УмитЗерттеудің өзектілігі – дәстүрлі, сирек және көбіне формальды бағалау рәсімдерінің орнына қызметкерлердің тиімділігін құндылыққа негізделген және үздіксіз кері байланысқа сүйенген заманауи тәсілдермен бағалау қажеттілігінен туындайды. Адами капитал бәсекелестіктің негізгі факторы болғандықтан, бағалау жүйесін жаңғырту ұйымның ұзақмерзімді нәтижелілігі мен кадр тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Зерттеудің мақсаты – қызмет нәтижесін бағалау жүйесін құндылыққа негізделген заманауи әдістер арқылы жетілдіру жолдарын айқындау. Ғылыми жаңалық – құндылықтарға негізделген бағалау қағидаттарын Қазақстан контекстіне бейімдеп, дәстүрлі көрсеткіштермен интеграцияланған жүйелік модель ұсыну; білім беру саласындағы эмпирикалық деректермен негіздеу. Теориялық және тәжірибелік маңыздылық – модель түрлі ұйымдарда бейімдеуге жарамды «жол картасын» береді; нәтижелер кадр тұрақтылығын, engagement деңгейін және ұйым мәдениетін нығайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерге негіз болады. Шектеулер – уақыт пен іріктеме көлемі, субъективті жауаптар ықпалы, бюджеттік шектеулер.