Ұйым персоналының қызмет нәтижесін талдау және бағалау
Loading...
Date
2025
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
SDU University
Abstract
Зерттеудің өзектілігі – дәстүрлі, сирек және көбіне формальды бағалау рәсімдерінің орнына қызметкерлердің тиімділігін құндылыққа негізделген және үздіксіз кері байланысқа сүйенген заманауи тәсілдермен бағалау қажеттілігінен туындайды. Адами капитал бәсекелестіктің негізгі факторы болғандықтан, бағалау жүйесін жаңғырту ұйымның ұзақмерзімді нәтижелілігі мен кадр тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Зерттеудің мақсаты – қызмет нәтижесін бағалау жүйесін құндылыққа негізделген заманауи әдістер арқылы жетілдіру жолдарын айқындау. Ғылыми жаңалық – құндылықтарға негізделген бағалау қағидаттарын Қазақстан контекстіне бейімдеп, дәстүрлі көрсеткіштермен интеграцияланған жүйелік модель ұсыну; білім беру саласындағы эмпирикалық деректермен негіздеу. Теориялық және тәжірибелік маңыздылық – модель түрлі ұйымдарда бейімдеуге жарамды «жол картасын» береді; нәтижелер кадр тұрақтылығын, engagement деңгейін және ұйым мәдениетін нығайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерге негіз болады. Шектеулер – уақыт пен іріктеме көлемі, субъективті жауаптар ықпалы, бюджеттік шектеулер.
Description
Keywords
қызмет нәтижесін бағалау, құндылыққа негізделген HR, үздіксіз кері байланыс, OKR, Balanced Scorecard, 360° бағалау, мотивация, engagement, білім беру ұйымы
Citation
Сапарбек Кобеш, Нағашбек Елдос, Сағатұлы Мурат, Маулимов Ерлан, Туракулов Умит / Ұйым персоналының қызмет нәтижесін талдау және бағалау / 7М04114 - ЕМВА "Менеджмент " / 2025