Search Results

Now showing 1 - 6 of 6
  • ItemOpen Access
    МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
    (Global Trends and Values in Education, 2020) Боранкулова Б.Е.
    Түйіндеме. Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау. Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың дінинанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды. Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.
  • ItemOpen Access
    Түркі тілдеріндегі ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар
    (Suleyman Demirel University, 2007) Шойынбет Маржан
    Бұл мақалада қазақ халқының дүниетанымында және тілдік санасында қалыптасқан ауру атауларына қатысты тыйым сөздер мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық табиғаты қарастырылады. Сөз магиясына сену, діни наным-сенімдер мен әлеуметтік қорқыныштар нәтижесінде жұқпалы дерттердің атауларын тікелей атамау дәстүрі пайда болғаны атап өтіледі. Қазақ және басқа түркі халықтарының мәдениетінде шешек, мәлік, топалаң сияқты індеттердің атаулары «гүл», «бібі», «ақбайпақ», «кемпір» секілді эвфемистік атаулармен алмастырылған. Сондай-ақ, «Шешек ана» туралы мифологиялық түсінік пен оның діни-мәдени рөлі талданады. Зерттеу нәтижесінде ауру атауларына байланысты табу мен эвфемизмдердің халықтың дүниетанымын, сенім жүйесін және тілдік ерекшеліктерін айқындайтын этнолингвистикалық құбылыс екені анықталады.
  • ItemOpen Access
    МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2020) Боранкулова Б.Е.
    Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау. Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың діни нанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды. Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ - ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ МЕЗУРАТИВТЕРГЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТ
    (Suleyman Demirel University, 2012) Қарымсақова Қ.
    Қазақ халқы көшіп - қонып, көшпенділік дәуірді ұзақ уақыт басынан өткізгендігі белгілі. Жаз жайлауда, күз күзекте, қыс қыстауда бірден бірге көшіп-қонып жүргенде, біздің халқымыз уақытты сағатпен, көлеммен өлшеуге әлі онша да дағдыланбаған, үйренбеген. Бәлкім, ол кезде бұл өлшемдердің көшпенділік тұрмысқа сондайлық қажеті де болмаған шығар. Қалай дегенмен, сол уақыттың тұрмыс тіршілігіне лайық өз өлшемдері болғандығын тілдегі сөз қорының бай материалдарынан танып білуімізге болады. Қазақ тілінде өлшемдік ұғымдар жайлы қыруар сөздер мен тұрақты сөз тіркестері сақталған.
  • ItemOpen Access
    Қазақ этнолингвистикасының ерекшеліктері
    (Suleyman Demirel University, 2011) Байтелиева Ж
    Мақалада этнолингвистика ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері, оның еуропалық және американдық бағыттарының ерекшеліктері қарастырылады. Автор қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік сипатын, Ә.Қайдардың ғылыми мектебі мен әдістемелік принциптерін атап өтеді. Қазақ этнолингвистикасының басты ерекшелігі – тіл байлығын ұлттық мәдениет, тарих, таным, салт-дәстүр арқылы кешенді түрде зерттеу болып табылатыны көрсетілген. Сондай-ақ, «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты этнолингвистикалық сөздіктің маңызы мен құрылымы сипатталады.
  • ItemOpen Access
    Зоофразеологизмдердің адам мінез-құлқын сипаттаудағы этнолингвистикалық ерекшеліктері
    (Suleyman Demirel University, 2012) Б.А. Жетпісбаева; Ж.А. Есказинова
    Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоофразеологизмдердің адам мінез-құлқын сипаттаудағы этнолингвистикалық ерекшеліктері қарастырылады. Жануар атауларына негізделген фразеологиялық бірліктердің қалыптасуы халықтың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен тарихи тәжірибесімен тығыз байланысты екені айқындалады. Зерттеу барысында екі тілдегі фразеологиялық теңеулер салыстырмалы түрде талданып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталады. Зоофразеологизмдер арқылы адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері астарлы түрде бейнеленетіні көрсетіледі. Мақала нәтижелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану және мәдениетаралық коммуникация салалары үшін маңызды.