Зоофразеологизмдердің адам мінез-құлқын сипаттаудағы этнолингвистикалық ерекшеліктері
Loading...
Date
2012
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоофразеологизмдердің адам мінез-құлқын сипаттаудағы этнолингвистикалық ерекшеліктері қарастырылады. Жануар атауларына негізделген фразеологиялық бірліктердің қалыптасуы халықтың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен тарихи тәжірибесімен тығыз байланысты екені айқындалады. Зерттеу барысында екі тілдегі фразеологиялық теңеулер салыстырмалы түрде талданып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталады. Зоофразеологизмдер арқылы адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері астарлы түрде бейнеленетіні көрсетіледі. Мақала нәтижелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану және мәдениетаралық коммуникация салалары үшін маңызды.
Description
Keywords
зоофразеологизмдер, фразеологиялық теңеулер, этнолингвистика, адам мінез-құлқы, лингвомәдениет
Citation
Б.А. Жетпісбаева, Ж.А. Есказинова / Зоофразеологизмдердің адам мінез-құлқын сипаттаудағы этнолингвистикалық ерекшеліктері / Suleyman Demirel University/ СДУ хабаршысы, 12(3 ).