Түркі тілдеріндегі ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар

Loading...
Thumbnail Image

Date

2007

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Бұл мақалада қазақ халқының дүниетанымында және тілдік санасында қалыптасқан ауру атауларына қатысты тыйым сөздер мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық табиғаты қарастырылады. Сөз магиясына сену, діни наным-сенімдер мен әлеуметтік қорқыныштар нәтижесінде жұқпалы дерттердің атауларын тікелей атамау дәстүрі пайда болғаны атап өтіледі. Қазақ және басқа түркі халықтарының мәдениетінде шешек, мәлік, топалаң сияқты індеттердің атаулары «гүл», «бібі», «ақбайпақ», «кемпір» секілді эвфемистік атаулармен алмастырылған. Сондай-ақ, «Шешек ана» туралы мифологиялық түсінік пен оның діни-мәдени рөлі талданады. Зерттеу нәтижесінде ауру атауларына байланысты табу мен эвфемизмдердің халықтың дүниетанымын, сенім жүйесін және тілдік ерекшеліктерін айқындайтын этнолингвистикалық құбылыс екені анықталады.

Description

Keywords

ауру атаулары, табу, түркі халықтары, этнолингвистика, халықтық наным

Citation

Шойынбет Маржан / Түркі тілдеріндегі ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар / "Қазақстан ғылымының дамуы мен болашағы: жастар көзімен " атты ЖОО студенттерінің ғылыми конференциясының материалдары I- II , ISBN: 9965-792-25-9 , Сулейман Демирел атындағы Университет / 52-56 бет.