6 results
Search Results
Now showing 1 - 6 of 6
Item Open Access Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық болмысы(Suleyman Demirel University, 2007) Подольская ЕвгенияМақалада қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері салыстырмалы тұрғыда талданады. Автор әр халықтың дүниетанымы мен ұлттық ойлау жүйесін бейнелі тіркестер арқылы танытудың маңызын көрсетеді. Зерттеуде фразеологизмдерді аудару тәсілдері (эквивалентті, аналогтық, сипаттамалық және калькалық) мен олардың семантикалық сәйкестіктері қарастырылады. Сонымен қатар, фразеологиялық бірліктердің ұлттық болмысты, тарихи тәжірибе мен мәдени құндылықтарды жеткізудегі рөлі сипатталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мысалдар арқылы фразеологизмдердің мағынасы мен эмоционалды-экспрессивті бояуы салыстырылады. Зерттеу нәтижесі фразеологизмдердің тіл мен ұлт біртұтастығын, рухани болмыстың айнасы екенін дәлелдейді.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗООНИМДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Suleyman Demirel University, 2014) Забидуллаева Жұлдыз МаратқызыМақалада түркі тілдеріндегі зоонимдердің этимологиясын ашу мәселелері қарастырылады. Автор қазақ тіліндегі зоонимдердің жасалу тәсілдерін анықтап, олардың қатысуымен жасалған фразеологизмдердің мағынасын түсіндіруге талаптанған. Түркі тіл білімінде жанжақты зерттеуді қажет ететін ономастиканың күрделі бір саласы – зоонимика. Зоонимика – ономастиканың аң, мал, құс атауларын зерттейтін бөлімі. Жалпы тіл білімінде ономастика саласы жанжақты зерттеліп жатқанымен, зоонимдерге аз мөлшерде көңіл бөлінген. Осы бағытта қазақ тіл білімінде академик Ә. Т. Қайдардың «Қазақтар ана тілі әлемінде» атты 3томдық этнолингвистикалық зерттеу еңбегі («Адам», «Қоғам», «Табиғат») мен бірнеше тілші ғалымдардың мақалалары жарық көрді.Item Open Access Қазақ және түркі тілдеріндегі фразеологизимдердің жүйеленуі туралы(Suleyman Demirel University, 2011) Йылдырым ИМақалада қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің жүйеленуі, олардың мағыналық және құрылымдық ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданады. Екі тілдегі фразеологиялық бірліктердің ұлт мәдениеті мен танымдық ерекшеліктерді бейнелеудегі рөлі қарастырылып, фразеологизмдердің семантикалық белгілеріне сүйене отырып, олардың фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек сияқты негізгі түрлері анықталады. Зерттеу барысында фразеологизмдерді айқындаудың басты үш шарты — қолданылу тиянақтылығы, мағына тұтастығы және тіркес тұрақтылығы негізге алынады. Қазақ және түрік тілдерінен алынған мысалдар арқылы фразеологиялық мағынаның қалыптасу жолдары, еркін тіркестерден тұрақты тіркестерге өту үдерісі, сондай-ақ олардың бейнелілік пен ұлттық дүниетанымды жеткізудегі қызметі көрсетіледі. Екі тілдегі фразеологиялық жүйенің салыстырмалы сипаттамасы фразеология саласындағы теориялық және лексикографиялық бағыттардың даму ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.Item Open Access ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДА АКСЕОЛОГЕМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Қалқамжай Ж.Т.Аңдатпа Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемалардың қолданылуының тиімді жақтары қарастырылды. Қазақ тіліндегі аксеологемалардың ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш, ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері функционалды-семантикалық тұрғыдан жіктеліп, айқындалды. Аксеологемаларды білудің мынандай артықшылықтары бар: біріншіден, санадағы әлем бейнесін тереңірек тануға мүмкіндік береді; екіншіден, тілдің ұлттық ерекшеліктерін айқын тануға жол ашады; үшіншіден, тілдік ерекшеліктерді семиотика деңгейінде терең тануға мүмкіндік береді. Бұл ерекшеліктер қазақ тіліндегі фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің және сөздердің семантикасында анық байқалады. Тілдегі осындай тіл бірліктерінің бойындағы ерекшеліктерді жақсы тану білімді игерудің деңгейін жоғарылатады, халықтың танымын, мәдениетін білуге жол ашады. Осы білімдерді әр салаға қарай икемдеу арқылы қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқыта аламыз. Мақалада қарастырылатын мәселе – қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі. Қазір қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқыту, талдау мен терең зерттеу маңызды болып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, біз қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемаларды бірінші кезектегі мәселелердің бірі деп есептей аламыз.Item Open Access Мәтіннің лексика-фразеологиялық болмысы(Suleyman Demirel University, 2007) Утанова АйзадаМақалада көркем мәтіндегі лексика-фразеологиялық жүйенің стильдік қызметі мен жазушының даралық тілдік шеберлігі талданады. Тұрақты тіркестер мен этнографиялық лексемалардың ұлттық болмысты танытудағы, көркем бейнелеу мен идеялық мазмұнды тереңдетудегі рөлі айқындалады. Зерттеуде М.Әуезов шығармалары мысалға алынып, жазушының сөз таңдау, мағыналас сөздерді қосарлап қолдану, этнографизмдер мен түстік символиканы стильдік мақсатта пайдалану ерекшеліктері сараланған. Әсіресе «Қорғансыздың күні» мен «Қаралы сұлу» шығармаларындағы түстер жүйесінің (қызыл, қара) семантикалық мәні мен көркемдік қызметі талданады. Жазушы тіліндегі фразеологизмдер мен этнографиялық элементтер қазақ халқының дүниетанымы мен ұлттық мәдениетінің тілдік айнасы ретінде бағаланады.