ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДА АКСЕОЛОГЕМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Loading...
Date
2021
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
2021 International Young Scholars' Conference
Abstract
Аңдатпа Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемалардың қолданылуының тиімді жақтары қарастырылды. Қазақ тіліндегі аксеологемалардың ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш, ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері функционалды-семантикалық тұрғыдан жіктеліп, айқындалды. Аксеологемаларды білудің мынандай артықшылықтары бар: біріншіден, санадағы әлем бейнесін тереңірек тануға мүмкіндік береді; екіншіден, тілдің ұлттық ерекшеліктерін айқын тануға жол ашады; үшіншіден, тілдік ерекшеліктерді семиотика деңгейінде терең тануға мүмкіндік береді. Бұл ерекшеліктер қазақ тіліндегі фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің және сөздердің семантикасында анық байқалады. Тілдегі осындай тіл бірліктерінің бойындағы ерекшеліктерді жақсы тану білімді игерудің деңгейін жоғарылатады, халықтың танымын, мәдениетін білуге жол ашады. Осы білімдерді әр салаға қарай икемдеу арқылы қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқыта аламыз. Мақалада қарастырылатын мәселе – қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі. Қазір қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқыту, талдау мен терең зерттеу маңызды болып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, біз қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемаларды бірінші кезектегі мәселелердің бірі деп есептей аламыз.
Description
Keywords
құндылық, аксеологема, интеграция, фразеологизм, мақал-мәтел, кіріктіре оқыту, 2021 International Young Scholars' Conference, №10
Citation
Қалқамжай Ж.Т. / ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДА АКСЕОЛОГЕМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ / 2021 International Young Scholars' Conference