2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ТЕЛЕЖАРНАМАДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕР: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Есенгельдиева Ш.; Әлжан А.Аңдатпа. Мақалада тележарнамадағы гендерлік стереотиптерді қолдану және оның аудиторияға әсері зерттеледі. Жарнама өндірісінде жиі қолданылатын гендерлік стереотип түрлері анықталып, олардың артықшылықтары мен кемшін тұстары сараланады. Осы мақсатта бірнеше елдің гендерлік стереотиптерді қолданудағы тәжірибесі назарға алынып, ондағы әйелдер бейнесі талқыға салынады. Сонымен қоса стереотиптерді насихат құралы ретінде пайдалану, бұқаралық санаға әсері мен қауіпті тұстары да зерттеудің негізгі өзегіне айналды. Бүгінде жарнамаға деген аудитория көзқарасы өзгерген. Бұрын тұтынушылар жарнамадағы стереотиптерге қарсылық білдірмей қабылдаса, қазір мұндай көзқарас жат. Сол себепті маркетологтар «сәтсіз коммуникация – брендке қарсы жұмыс істеп кетуі ықтимал» деген пікірге басымдық беруде. Ғылыми жұмыста жарнамадағы жаңа стереотипті үдерістер мәдениет пен қоғамның өзегіндегі құндылықтар жүйесіндегі терең ішкі өзгерістерді көрсететіндігі анықталды.Item Open Access ИММУНДЫ ГЛОБУЛИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҒЗАДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ибадуллаева С.Ж. ; Жандавлетова Р.Б.; Карабалаева А.Б. ; Ауезова H.C.Аңдатпа. Мақалада казіргі кезендегі экстремальды жағдайлардың адамның ағзасына, биохимимялық және физиологиялық көрсеткіштеріне әсері қарастырылған. Сонымен қатар иммундық жүйесінің қызметіне ақпарат берілген. Иммунитеттің ағзаға бөгде заттардынң, басқа да антигендерге қарсы қорғаныш реакцияларының жиынтығы екені туралы акпарат берілген. Антиденелердің гомологиялық антигендермен қосыла алатын гамма-глобулиндер екені, олар физиологиялық кедергілерден өте алады, микробтарды жойып жібере алатыны туралы айтылған. Адам ағзасына жұқпалы немесе паразиттік аурулар қоздырғышының енуі, олардың иммунды жүйе мүшелерімен байланысуы жайлы, арнайы иммунитеттің қалыптасуы макалада көрсетіпген. Сонымен қатар, Т-эффекторлардың субпопуляциясы бірнеше медиаторлар өндіріп, солардың арқасында организмнін иммунды қорғанышын жүзеге асыруын қаматамасыз етеді. Медиаторларды иммунды реакция қалыптасуын туғызатын микробтармен байланыс кезінде лимфондты клеткалар өндіріп шығарады. Екінші фактор - лейкоциттер миграциясын тежейтін фактор; лейкоциттерді антиген орналасқан жерде ұстап қалады. Үшінші фактор фагоцит клеткаларды белсендіріп, олардың сіңіріп алу және метаболизмдік қабілетін жоғарылатады. Төртінші фактор - тері реактивтігінің факторы; терінің қабыну реакциясын туғызатыны туралы мәліметтер берілген.Иммунды терапия әдістері ерекше және ерекше eмec, белсенді және бәсең болып бөлінеді жайлы тусініктеме келтірілген.