ТЕЛЕЖАРНАМАДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕР: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2023

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2023

Abstract

Аңдатпа. Мақалада тележарнамадағы гендерлік стереотиптерді қолдану және оның аудиторияға әсері зерттеледі. Жарнама өндірісінде жиі қолданылатын гендерлік стереотип түрлері анықталып, олардың артықшылықтары мен кемшін тұстары сараланады. Осы мақсатта бірнеше елдің гендерлік стереотиптерді қолданудағы тәжірибесі назарға алынып, ондағы әйелдер бейнесі талқыға салынады. Сонымен қоса стереотиптерді насихат құралы ретінде пайдалану, бұқаралық санаға әсері мен қауіпті тұстары да зерттеудің негізгі өзегіне айналды. Бүгінде жарнамаға деген аудитория көзқарасы өзгерген. Бұрын тұтынушылар жарнамадағы стереотиптерге қарсылық білдірмей қабылдаса, қазір мұндай көзқарас жат. Сол себепті маркетологтар «сәтсіз коммуникация – брендке қарсы жұмыс істеп кетуі ықтимал» деген пікірге басымдық беруде. Ғылыми жұмыста жарнамадағы жаңа стереотипті үдерістер мәдениет пен қоғамның өзегіндегі құндылықтар жүйесіндегі терең ішкі өзгерістерді көрсететіндігі анықталды.

Description

Keywords

стереотип, бренд, маркетолог, эмоция, реакция, коммуникация, локация, табу, СДУ хабаршысы - 2023, №2

Citation

Ш.Есенгельдиева , А.Әлжан / ТЕЛЕЖАРНАМАДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕР: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ / СДУ хабаршысы - 2023