ИММУНДЫ ГЛОБУЛИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҒЗАДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ
Loading...
Date
2020
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
СДУ хабаршысы - 2020
Abstract
Аңдатпа. Мақалада казіргі кезендегі экстремальды жағдайлардың адамның ағзасына, биохимимялық және физиологиялық көрсеткіштеріне әсері қарастырылған. Сонымен қатар иммундық жүйесінің қызметіне ақпарат берілген. Иммунитеттің ағзаға бөгде заттардынң, басқа да антигендерге қарсы қорғаныш реакцияларының жиынтығы екені туралы акпарат берілген. Антиденелердің гомологиялық антигендермен қосыла алатын гамма-глобулиндер екені, олар физиологиялық кедергілерден өте алады, микробтарды жойып жібере алатыны туралы айтылған. Адам ағзасына жұқпалы немесе паразиттік аурулар қоздырғышының енуі, олардың иммунды жүйе мүшелерімен байланысуы жайлы, арнайы иммунитеттің қалыптасуы макалада көрсетіпген. Сонымен қатар, Т-эффекторлардың субпопуляциясы бірнеше медиаторлар өндіріп, солардың арқасында организмнін иммунды қорғанышын жүзеге асыруын қаматамасыз етеді. Медиаторларды иммунды реакция қалыптасуын туғызатын микробтармен байланыс кезінде лимфондты клеткалар өндіріп шығарады. Екінші фактор - лейкоциттер миграциясын тежейтін фактор; лейкоциттерді антиген орналасқан жерде ұстап қалады. Үшінші фактор фагоцит клеткаларды белсендіріп, олардың сіңіріп алу және метаболизмдік қабілетін жоғарылатады. Төртінші фактор - тері реактивтігінің факторы; терінің қабыну реакциясын туғызатыны туралы мәліметтер берілген.Иммунды терапия әдістері ерекше және ерекше eмec, белсенді және бәсең болып бөлінеді жайлы тусініктеме келтірілген.
Description
Keywords
иммунитет, иммунды жүйе, иммуноглобулин, лимфоцит, организм, Т-лимфоцит, В-лимфоцит, реакция, терапия, антидене, СДУ хабаршысы - 2020, №2
Citation
С.Ж. Ибадуллаева , Р.Б. Жандавлетова , А.Б. Карабалаева , H.C. Ауезова / ИММУНДЫ ГЛОБУЛИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҒЗАДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ / СДУ хабаршысы - 2020