3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access СЕПТІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ СИПАТЫ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Жолшаева М.C. ; Әлішер А.А.Аңдатпа. Мақалада қазақ тіліндегі септік жалғауларының функционалды-семантикалық ерекшеліктері қарастырылды. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі септіктердің қызметі мен семантикалық ерекшеліктеріне қарай грамматикалық, көлемдік және құралдық болып бөлінуіне және олардың әрқайсының өзіндік белгілеріне қатысты ғылыми тұжырымдарға талдау жасалды. Мақалада қарастырылатын мәселе – қазақ тілі грамматикасының өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына жататындықтан сөздерді байланыстыруда аналитикалық тәсілге қарағанда, синтетикалық тәсіл көбірек қолданылатыны мәлім. Бұл септік жалғауларына тікелей қатысты болғандықтан, қазіргі қазақ тілінде септік категорияларын талдау мен терең зерттеу маңызды болып отыр. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі жеті септік жалғауының ішкі және сыртқы ерекшеліктері функционалды-семантикалық тұрғыдан жіктеліп, ерекшеліктері айқындалды. Грамматикалық категория тілдік бірліктердің қатысым құралы ретінде өзгерістеріне әсер ете отырып, ұлттық санадағы әлем бейнесін тануға және грамматикалық құралым арқылы қолданыстағы тілдің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Осы мәселелерді ескере отырып, біз сөздердің септелуін бірінші кезектегі мәселелердің бірі деп есептей аламыз.Item Open Access ТУЫНДАУШЫ ГРАММАТИКА ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДЫ МЕҢГЕРТУ(СДУ хабаршысы - 2019, 2019) М.Д. АтакееваАңдатпа. Бұл мақалада тілді шет тілі ретінде оқытуда қолданылатын туындаушы грамматика теориясының қалыптасуы, туындаушы грамматиканың тілдің ішкі және сыртқы құрылымы мен байланысы, туындаушы грамматика теориясын қазақ тілінің лексикалық қабатын өзге ұлт өкілдеріне меңгертудегі маңызына тоқталған. Туындаушы грамматика теориясының негізін салған американ психолингвисі Н.Хомский еді. Туындаушы грамматика – кең мағынадағы «грамматика» ұғымымен сәйкес келеді. Тілдік бірліктердің механикалық реттіліген сақтай отырып, сөздерден күрделі композиталық бірліктер құрастыруды мақсат етеді. Туындаушы грамматиканың негізгі заңдылықтарына төмендегі қағидалар жатады: 1.Тілдерді үйренудің ортақ, әмбебеп заңдылықтары бар. Өйткені кез-келген тілде бастауыш пен баяндауыштың болары сөзсіз. Тіл үйренуші нысанға алынған тілдің структуралық ерекшелігін біліп алуы маңызды. Шектеулі сөздер арқылы шексіз сөйлемдер құрастыру. Бұл қағида бойынша адам санасында жатқан бір ұғымды бір неше формада сыртқа шығара алады. Ой тереңінде жатқан ұғым – тілдің ішкі құрылымы, сөйлесім әрекетімен жарыққа шыққан тілдік бірліктер – тілдің сыртқы формасына жатады. Тілдің ішкі құрылымында жатқан ой сыртқы құрылымға трансформацияланады.Item Open Access Қазіргі әдебиеттанудағы герменевтикалық, структуралистік және семиотикалық зерттеу тәсілдері(Suleyman Demirel University, 2011) Еркінбаев ҰМақалада қазіргі әдебиеттануда кеңінен қолданылатын герменевтикалық, структуралистік және семиотикалық зерттеу тәсілдерінің теориялық негіздері мен ерекшеліктері қарастырылады. Герменевтика мәтінді түсіндіру мен интерпретациялауға бағытталса, структурализм көркем туындыны тұтас құрылым ретінде зерттейді. Ал семиотикалық әдіс әдеби шығарманы таңбалар мен белгілер жүйесі ретінде талдайды. Бұл үш тәсілдің басты мақсаты – көркем мәтіннің терең мағыналық, құрылымдық және таңбалық қабаттарын ашу болып табылады. Зерттеу барысында аталған әдістердің өзара байланысы мен айырмашылығы, сондай-ақ олардың қазіргі қазақ әдебиеттануындағы қолданыс аясы талданады. Герменевтикалық тәсіл мәтінді мәдени және тарихи контексте түсінуге мүмкіндік берсе, структурализм мәтіннің ішкі жүйесін, құрылымдық қатынастарын анықтауға бағытталған. Семиотикалық әдіс таңбалар арқылы мағына түзілу процесін саралайды. Мақалада осы үш бағыттың синтезі көркем шығарманы кешенді түрде талдаудың тиімді жолы екені дәлелденеді.