СЕПТІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ СИПАТЫ
Loading...
Date
2020
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
СДУ хабаршысы - 2020
Abstract
Аңдатпа. Мақалада қазақ тіліндегі септік жалғауларының функционалды-семантикалық ерекшеліктері қарастырылды. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі септіктердің қызметі мен семантикалық ерекшеліктеріне қарай грамматикалық, көлемдік және құралдық болып бөлінуіне және олардың әрқайсының өзіндік белгілеріне қатысты ғылыми тұжырымдарға талдау жасалды. Мақалада қарастырылатын мәселе – қазақ тілі грамматикасының өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына жататындықтан сөздерді байланыстыруда аналитикалық тәсілге қарағанда, синтетикалық тәсіл көбірек қолданылатыны мәлім. Бұл септік жалғауларына тікелей қатысты болғандықтан, қазіргі қазақ тілінде септік категорияларын талдау мен терең зерттеу маңызды болып отыр. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі жеті септік жалғауының ішкі және сыртқы ерекшеліктері функционалды-семантикалық тұрғыдан жіктеліп, ерекшеліктері айқындалды. Грамматикалық категория тілдік бірліктердің қатысым құралы ретінде өзгерістеріне әсер ете отырып, ұлттық санадағы әлем бейнесін тануға және грамматикалық құралым арқылы қолданыстағы тілдің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Осы мәселелерді ескере отырып, біз сөздердің септелуін бірінші кезектегі мәселелердің бірі деп есептей аламыз.
Description
Keywords
септік, категория, мағына, грамматика, парадигма, синтетикалық тәсіл, СДУ хабаршысы - 2020, №1
Citation
М.C. Жолшаева , А.А. Әлішер / СЕПТІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ СИПАТЫ / СДУ хабаршысы - 2020