5 results
Search Results
Now showing 1 - 5 of 5
Item Open Access МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫ: АҚПАРАТПЕН ЖАЗУ(Suleyman Demirel University, 2012) Күдерина Қ. БМәдениеттер тоғысындағы тілді, әдебиетті және басқаны жазусыз елестету мүмкін емес. Ал мәдениеттің өзін әңгіме еткенде туыс халықтар мәдениетінен, олардың өзара үйлес дамуынан бастау орынды. Өйткені мәдениет - өте үлкен, ауқымды кеңістікті қамтыса ғана мәдениет. Өткен ғасырлар әр елдің өзін ұлт ретінде дәлелдеу, мойындату сипатында көрінсе, ендігі кезең өзара мойындалған елдердің интеграцияларға баруы, бір-бірімен санасуы, одақтасуы дәрежесіне ұласуда. Әр мемлекеттің рәміздері қатарына жазу да кіруде: туы, елтаңбасы, әнұраны және жазуы. Ендеше мәдениеттер тоғысы дегенде біз алдымен бүгінде аралары алшақтап кеткен түркі халықтары мәдениетінің тоғысуы, мемлекеттік рәміз дегенде түркі тілдеріне ортақ жазу туралы сөз етпекпізItem Open Access СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МӘСЕЛЕСІ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Ш.Л. ЕрхожинаАңдатпа. Мақалада студенттердің оқу-танымдық мәселесі және оны қалыптастыру құзыреттілігі сөз болады. «Таным», «оқу-танымдық ісәрекет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мәнін ашудан бастап, олардың бір-бірімен өзара байланысы анықталды. Білімгердің танымдық белсенділігін айқындайтын белгілер, дамыту тиімділігін көрсететін жетекші факторлар,оқу-танымдық құзыреттілік талаптарықарастырылды. Ғалымдардың тұжырымдарын саралай келе, студенттердің оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесіндегі қамтылатын білім, білік, дағдылар нақты айқындалды. Авторлардың пікірінше, оқу-танымдық құзыреттілік қалыптастыру негізінде студент белгілі білім негізін игеру барысында ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерін; саланың ғылыми әдістерінің шегарасын; зерттеудің ғылыми білімінің жүйесін; іргелі және қолданбалы зерттеудің негізгі бағыттары мен перспективаларын білуі қажет. Білімалушы өзіндік талдаулар жасай алатын, қорытынды жасай білетін, ойлау дербестігі, логикалық, жүйелі ойлауын дамытқан құзыретті тұлға ретінде қалыптасады.Item Open Access РАЗВИТИЕ НАВЫКОВ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ УЧАЩИХСЯ В ОСНОВНОЙ ШКОЛЕ С ПОМОЩЬЮ STEM ОБРАЗОВАНИЯ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) М.А. Муқанова; Е.А. ВьюшковаАннотация. Сейчас век технологий, век новых инноваций и роботов, век, где уже исследуют искусственный интеллект. В наше время нельзя и невозможно обучить детей по традиционному обучению, или как мы говорим - репродуктивное обучение. Оно является не оптимальной в наше время, сейчас обучение заключается в том, чтобы научить детей учиться, а не учить их самому. Детей надо заинтересовать уроком, заинтересованный ученик сам захочет и сам узнает все, что касается темы этого занятия. Великий учитель, не тот, кто учит, а тот, кто мотивирует. В основе STEM образования лежит интеграция естественноматематических предметов, что придает дополнительный интерес и мотивацию для дальнейшего изучения предмета. В соответствии с развивающимися тенденциями в образовании, развитие функциональной грамотности у учащихся было реализовано через вышеуказанный метод.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДА АКСЕОЛОГЕМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Қалқамжай Ж.Т.Аңдатпа Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемалардың қолданылуының тиімді жақтары қарастырылды. Қазақ тіліндегі аксеологемалардың ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш, ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері функционалды-семантикалық тұрғыдан жіктеліп, айқындалды. Аксеологемаларды білудің мынандай артықшылықтары бар: біріншіден, санадағы әлем бейнесін тереңірек тануға мүмкіндік береді; екіншіден, тілдің ұлттық ерекшеліктерін айқын тануға жол ашады; үшіншіден, тілдік ерекшеліктерді семиотика деңгейінде терең тануға мүмкіндік береді. Бұл ерекшеліктер қазақ тіліндегі фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің және сөздердің семантикасында анық байқалады. Тілдегі осындай тіл бірліктерінің бойындағы ерекшеліктерді жақсы тану білімді игерудің деңгейін жоғарылатады, халықтың танымын, мәдениетін білуге жол ашады. Осы білімдерді әр салаға қарай икемдеу арқылы қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқыта аламыз. Мақалада қарастырылатын мәселе – қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі. Қазір қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқыту, талдау мен терең зерттеу маңызды болып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, біз қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемаларды бірінші кезектегі мәселелердің бірі деп есептей аламыз.Item Open Access РАЗВИТИЕ НАВЫКОВ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ УЧАЩИХСЯ В ОСНОВНОЙ ШКОЛЕ С ПОМОЩЬЮ STEM ОБРАЗОВАНИЯ(Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, 2018) Муқанова М.А.Қазір технологияның дамыған ғасыры, жаңа инновациялар мен роботтардың, жасанды интеллект зерттеліп жатқан ғасыр. Бұл уақытта балаларды дəстүрлі білім беру немесе репродуктивтік білім беру арқылы оқыту мүмкін емес, ол оңтайсыз болып табылады. Қазіргі педагогика негізі баланы оқыту емес, оны дұрыс оқуға үйрету болып табылады. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын ояту керек, қызығушылық танытқан оқушы, сабақ тақырыбын біле сала, ол тақырыпқа байланысты ақпараттың бəрін ізденуі, қызығуы арқасында бəрін оқығысы келетін болады. Үздік мұғалім, үйрететін адам емес, ол мотиватор болуы керек. STEM бойынша білім берудің негізінде, оқушыларды қосымша ынталандыратын, жаратылыстану-математика пəндерінің интеграциясы жатыр. Заман талабына сай, оқушы бойындағы функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту, келтірілген əдіс бойынша жүзе асырылады.