Search Results

Now showing 1 - 5 of 5
  • ItemOpen Access
    Қ. БЕГМАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚОҢЫР ҮН
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Г. Н. Ниязбекова
    Аңдатпа. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркем делмейді, әдебиет пен өнердің басқасалаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. К.Бегманов - жарқын, талантты ақын. Егопоэзия ар-ұжданымызды оятады. Олар қоғам үшін алаңдаушылық мәселелері бойынша, әдебиет және жазушылар тағдыры туралы болып табылады. Ақын туған жері, ана тілі, тарихы және өнері туралы жырлайды. К.Бегмановтың Қазақстан баспаларда жарияланған поэзия жинақтары елдің ұлттық мәдениетінің алтын қорына енген.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МЕТАМОРФОЗАЛАРДЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ БЕЙНЕСІ
    (ҚазҰУ хабаршысы, 2017) Отарбаева Г.Н.
    «Қазіргі қазақ поэзиясындағы метаморфозалардың концептуалдық бейнесі» атты мақаламызда ұлттық таным мен этникалық болмысты бейнелейтін мифтік құбылушылықтар этностың тұтас бейнесін, барша болмысын анықтайтындығын басты назарға алдық. Қазіргі қазақ ақындарының метаморфозаларды қолдануындағы ұлттық ерекшеліктерін, ұлттық сананың қорында сақталған, тарих қойнауында жатқан ұлттық бейненің поэзиядағы көрінісін талдап көрсеттік. Мәселен, тауға, қыранға, мөлдір бұлаққа, аққу құсқа т.б сияқты өзіндік пішіндегі құбылуларға ие өлеңдер арқылы ұлттың дәстүрлі мәдениетін, халықтың өзіндік қайталанбас ерекшеліктерін, этностың рухани-мәдени өмірін саралай келе, сана, тіл, мәдениет ұғымдарының байланысын, ұлттың тілдік бейнесін танытатындығы М. Райымбекұлы, А. Елгезек, Е. Жүніс, С. Сейітман, Қ. Омар, Н. Бердалы сынды жас ақындар поэзиясы негізінде зерттелді.
  • ItemOpen Access
    Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңінің аударма талдауы
    (Suleyman Demirel University, 2008) Жапашова Салтанат
    Мақалада Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңінің орыс тіліне аударылуы және аудармадағы мазмұн, стиль үйлесімі талданады. Автор Ә. Қодар аудармасы арқылы өлеңдегі символикалық және эмоционалдық мәндердің, ырғақ пен үндестіктің түпнұсқаға қаншалықты жақын берілгенін көрсетеді. Мәтінде от, жүрек, жан, иман, ар сияқты терең әлеуметтік-рухани ұғымдардың аудармада да сақталуының маңыздылығы атап өтілген. Аудармашы түпнұсқаның мәнін жеткізу үшін кейбір көркемдік өзгерістер енгізгенімен, өлеңнің негізгі философиялық ойы, поэтикалық бейнелері мен символдық құрылымы сақталған. Сондай-ақ, мақаладан аударманың ұлттық мәдениет пен поэзияның эмоционалдық күшін жеткізудегі ерекшеліктері, қазақ тілінің дыбыс үндестігі мен көркемдік құралдарының басқа тілдерде толық көрініс табуының қиындығы көрінеді. Талдау Мағжан поэзиясының көркемдік құндылығы мен аударма өнеріндегі ерекшелікті нақты көрсетеді.
  • ItemOpen Access
    «ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» КУРСЫ АЯСЫНДА МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Б.Д. Жумакаева; К. Базархан
    Аңдатпа. Қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына шетелдегі қазақ әдебиеті де өз үлесін қосуда. Қазақ әдебиетінің қаймағы бұзылмаған бір бұтағы - Моңғолия қазақтарының әдебиеті. Атамекеннен жырақ жүрген қанша қазақ қаламгерлері өз төл әдебиетіміздің қорына елі мен жеріне деген сағынышқа толы жыр жолдары мен әдеби туындыларын көптеп қосуда. Шетелдегі қазақ әдебиеті бүгінге дейін біраз зерттеу жұмыстарының негізіне айналғанымен, Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын оқыту мәселесі кеңінен зерттеле қойған жоқ. Мақалада Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің поэзиялық шығармаларын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы сөз болады. Моңғолиядағы қазіргі қазақ әдебиетінін өкілі ретінде Сұраған Рахметұлы мен Байыт Қабанұлы шығармашылығынан мысалдар келтірілді. Аталмыш қаламгерлердің туындыларын отандық Жоғары оқу орындарында арнайы курс ретінде оқыту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде жазылып отырған мақала өлең-жырларды келтірілген бірнеше әдістермен оқытуды ұсынады.
  • ItemOpen Access
    ҚЫТАЙ ТАЯУ ЗАМАН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛКЛОРЛЫҚ ҮЛГІ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Ысқақұлы С.
    Мақалада Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақындардың үлгі алған үлкен мектебінің бірі - халық ауыз әдебиеті болғаны, яғни олардың халық әдебиетінің өшпес өнегесін терең түсіне, одан тәлім ала отырып шығармашылығын байытқаны, шығармаларында ажарлы айшықтардың ғасырлар сүзгісінен өткен халық поэзиясының үлгі-өрнегімен ұштасып жататыны қарастырылады. Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақындардың үлгі алған үлкен мектебінің бірі - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келген халық ауыз әдебиеті. Халықтың көркемдік ақыл-ойының жемісі саналатын фольклордан нәр-корек алмаған бірде-бір ақын жоқ десек те болады. Олар негізінен халық ауыз әдебиетімен ауызданды, соның топырағында өсті. Олардың жасампаздығы халық ауыз әдебиетімен тығыз байлансыты болды. Олар ең алдымен халық ауыз әдебиеті туындыларын әсіресе халық өлең- жырларын қаршадайынан жаттап үйреніп, содан нәр қабылдады, шабыт алды, соның бесігінде өсіп-жетілді.