«ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» КУРСЫ АЯСЫНДА МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Loading...
Date
2021
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
СДУ хабаршысы - 2021
Abstract
Аңдатпа. Қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына шетелдегі қазақ әдебиеті де өз үлесін қосуда. Қазақ әдебиетінің қаймағы бұзылмаған бір бұтағы - Моңғолия қазақтарының әдебиеті. Атамекеннен жырақ жүрген қанша қазақ қаламгерлері өз төл әдебиетіміздің қорына елі мен жеріне деген сағынышқа толы жыр жолдары мен әдеби туындыларын көптеп қосуда. Шетелдегі қазақ әдебиеті бүгінге дейін біраз зерттеу жұмыстарының негізіне айналғанымен, Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын оқыту мәселесі кеңінен зерттеле қойған жоқ. Мақалада Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің поэзиялық шығармаларын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы сөз болады. Моңғолиядағы қазіргі қазақ әдебиетінін өкілі ретінде Сұраған Рахметұлы мен Байыт Қабанұлы шығармашылығынан мысалдар келтірілді. Аталмыш қаламгерлердің туындыларын отандық Жоғары оқу орындарында арнайы курс ретінде оқыту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде жазылып отырған мақала өлең-жырларды келтірілген бірнеше әдістермен оқытуды ұсынады.
Description
Keywords
Шетелдегі қазақ әдебиеті, Моңғолия, поэзия, қаламгер, әдіс-тәсілдер, әдіс-тәсілдер, оқыту, шығармашылық әдіс, Сұраған Рахметұлы, СДУ хабаршысы - 2021, №2
Citation
Б.Д. Жумакаева , К. Базархан / «ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» КУРСЫ АЯСЫНДА МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ / СДУ хабаршысы - 2021