ҚЫТАЙ ТАЯУ ЗАМАН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛКЛОРЛЫҚ ҮЛГІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2016

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Мақалада Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақындардың үлгі алған үлкен мектебінің бірі - халық ауыз әдебиеті болғаны, яғни олардың халық әдебиетінің өшпес өнегесін терең түсіне, одан тәлім ала отырып шығармашылығын байытқаны, шығармаларында ажарлы айшықтардың ғасырлар сүзгісінен өткен халық поэзиясының үлгі-өрнегімен ұштасып жататыны қарастырылады. Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақындардың үлгі алған үлкен мектебінің бірі - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келген халық ауыз әдебиеті. Халықтың көркемдік ақыл-ойының жемісі саналатын фольклордан нәр-корек алмаған бірде-бір ақын жоқ десек те болады. Олар негізінен халық ауыз әдебиетімен ауызданды, соның топырағында өсті. Олардың жасампаздығы халық ауыз әдебиетімен тығыз байлансыты болды. Олар ең алдымен халық ауыз әдебиеті туындыларын әсіресе халық өлең- жырларын қаршадайынан жаттап үйреніп, содан нәр қабылдады, шабыт алды, соның бесігінде өсіп-жетілді.

Description

Keywords

фолклор, поэзия, халық ауыз әдебиеті

Citation

Ысқақұлы С. / ҚЫТАЙ ТАЯУ ЗАМАН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛКЛОРЛЫҚ ҮЛГІ / Suleyman Demirel University / СДУ ХАБАРШЫСЫ 2016. No1(36)