7 results
Search Results
Now showing 1 - 7 of 7
Item Open Access КОМПЬЮТЕРЛІК ЛИНГВОДИДАКТИКА: ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАЗАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫ(SDU University, 2023) Шарипбекова Д.Т.Аңдатпа. Мақалада тілді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу көзделеді. Қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың – компьютерлік лингвистиканың пайда болғанын теориялық тұрғыда айқындаумен қатар, жасанды интеллекет жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігін алға тартады. Тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың өзара қарым- қатынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам-машина, машина-машина, машина-адам қарым-қатынасы үшін жасалғандығын дәлелдегісі келеді. Лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам- машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес екендігі әдістемелік тәжірибелер негізінде анықталған.Item Open Access ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫ ОҚЫРМАНДЫҚ МОТИВАЦИЯСЫН КҮШЕЙТУ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) А.А.ИзенбаевАңдатпа. Біздің мақалада оқуға және зерттеуге арналған екі жұмыс түрі ұсынылған. Біріншісі - оқуға немесе оқуға арналған құнды шығармалар. Екіншісі - сыныптан тыс оқуға арналған тізім түрінде берілген шығармалар. Алайда мұғалімде оқушыларды мұнымен шектеп қана қоймай, тәрбиелік мәні бар жаңа шығармаларды таңдап, ұсынуға деген ұмтылыс бар. Сондықтан мектеп оқушыларының көркемдік талғамын және оқу дағдыларын дамыту үшін пән мұғалімі күнделікті сабақтарда сыныптан тыс оқуға көңіл бөліп, үнемі басшылық жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын ойластырып, бұл үшін кең өріс құруы керек. Мақалада оқушылардың оқу деңгейінің біртіндеп жоғарылауы, оқылымның жүйелі дамуы, қарапайымнан күрделіге өту, оқушылардың әдеби және мәдени білімдерін жүйелеу және одан әрі терендету, оқу дағдыларын дамыту көзделген.Item Open Access ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕКШЕ БӨЛІМ(SDU University, 2015) Аманқожаев А.А.«5В030100-Құқықтану» мамандығы бойынша барлық нысанда білім алатын студенттерге арналған Құқықтану кафедрасының отырысында талқыланған Сүлейман Демирел атындағы Университетінің Оқуәдістемелік кеңесінің 25 тамыз 2015 жылғы Уо1 шешімімен баспаға ұсынылған Аманқожаев А.А. ҚР- Азаматтық құқығы Ерекше бөлім пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар. 2015. 33 бет. Әдістемелік нұсқаулар курстың оқу бағдарламасына сәйкес даярланған және құқық факультетінің барлық оқу нысанының студенттеріне арналған.Item Open Access ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.Item Open Access «ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» КУРСЫ АЯСЫНДА МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Б.Д. Жумакаева; К. БазарханАңдатпа. Қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына шетелдегі қазақ әдебиеті де өз үлесін қосуда. Қазақ әдебиетінің қаймағы бұзылмаған бір бұтағы - Моңғолия қазақтарының әдебиеті. Атамекеннен жырақ жүрген қанша қазақ қаламгерлері өз төл әдебиетіміздің қорына елі мен жеріне деген сағынышқа толы жыр жолдары мен әдеби туындыларын көптеп қосуда. Шетелдегі қазақ әдебиеті бүгінге дейін біраз зерттеу жұмыстарының негізіне айналғанымен, Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын оқыту мәселесі кеңінен зерттеле қойған жоқ. Мақалада Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің поэзиялық шығармаларын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы сөз болады. Моңғолиядағы қазіргі қазақ әдебиетінін өкілі ретінде Сұраған Рахметұлы мен Байыт Қабанұлы шығармашылығынан мысалдар келтірілді. Аталмыш қаламгерлердің туындыларын отандық Жоғары оқу орындарында арнайы курс ретінде оқыту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде жазылып отырған мақала өлең-жырларды келтірілген бірнеше әдістермен оқытуды ұсынады.Item Open Access БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН АРҚЫЛЫ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Әбілда ҰлбалаАңдатпа. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырыладыItem Open Access ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. ӘбілдаАңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.