Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    1929-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Күдеринова Қ.Б.; Абдиева М.
    Аңдатпа: Бұл мақалада 1929-1940 жылдардағы латын графикалы қазақ жазуының тарихи тағылымы сөз болады. Зерттеу нәтижесі латын графикасымен басылған қазақ кітаптары туралы еңбектердің жоқ екендігін көрсетеді. 1929-1940 жылдары латын графикасымен Қазақстанда жарық көрген кітаптардың тізбесі жасалынып, кестемен көрсетілген. Кітаптардың авторлары, редакторлары, қай қалаларда басылғандығы да көрсетілген. Мақалада латын графикасындағы қазақ әліпбиімен 1929 жылдан емес, 1928 жылдан бастап шыға бастағаны айтылады. 1928 жылы 5000 тиражбен жарық көрген Байділдаұлы Ә. «Жаңа әліппе туралы» еңбегі талданады. Кітаптағы орфографиялық және пунктуациялық ерекшеліктер айтылады. Мәселен, «бас әріпке байланысты қиындықтар», «/в/-ның үлкен әріп нұсқасы», «қысаң езуліктердің емлесі», «и, у дыбыстарының жазылуы», «кейбір дауыссыз дыбыстардың жазылуы», «сөздерді бірге, бөлек жазудағы өзгерістер»,«кейбір тыныс белгілердің қолданылуы» секілді ерекшеліктер талданады.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ ҚАРУЛАРДЫҢ ҮШ ӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТЕГІ МОДЕЛЬДЕРІ, ОЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Жолдығараев А.О. ; Алиманова М.О. ; Жапаров М.Қ.
    Бұл жұмысында қазақ хандығында болған негізгі бес қаруды пайдаланып үшөлшемді ойын жасау. Бес қару ішіне садақ, қылыш, найза, айбалта, шоқпар кіреді. Ойын ішінде əр қарудың өзінің жеке түрлерін таңдай алады жəне əр қаруға байланысты жеке карталары бар. Қарулар туралы қысқаша мəліметтер бар. Бұл ойын негізінен қолданушы қазақ хандығында болған қарулармен танысу үшін жасалған. Ойын өз алдына екі түрде ойнауға болады: біріншісі жəне негізгісі ол қару таңдалып автоматты түрде сол қаруға байланысты карта таңдалады, ал екіншісі картаны таңдау, ол негізінен картаны көру үшін жасалған, бұл кезде қару автоматты таңдалады. Қолданушы ойынды басында қосқанда алдынан бес батырма кездеседі: қарулар батырмасы - қарулардың таңдау беті, карталар беті - карта таңдалады(қару автоматты түрде таңдалып кетеді), еркін жүру - егерде қарумен карта таңдалмаса осы батырма арқылы еркін жалпы карта бойынша жүруге болады, келесі екі батырма қосымша ретінде қойылған, біреуі ойын туралы жалпы мəлімет, келесі ойыннан шығу батырмасы. Қазақ хандығының қарулары жобаның таңдалу себебі жəне мақсаты ойын арқылы қолданушыны қазақ эпосындаға қарулармен таныстыру болып табылады. “Қазақ хандығының 550 жылдығына ” арналған 3D ойын ұйымдастырылуда, сол жобаға қосылу мақсатында жасалған.
  • ItemOpen Access
    «СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ»
    (Suleyman Demirel University, 2013) Шахин З.; Иогуртчу Я.
    Стандартты емес есептердің түрінің көптігін ескере отырып, белгілі саласының, соның ішінде стандартты емес теңдеулер мен теңсіздік ұғымдарының анықтамасын жүйелеп, оқыту әдістемесіне тоқталып, есептер шығару үрдісінде ең тиімді әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп курсында оқу бағдарламасына факультатив негізінде енгізе отырып, эксперимент жасап, жақсы нәтижелерге қол жеткізу.Осы мақсатқа жету үшін стандартты емес есептерді түрлеріне қарай классификациялап, олардың әрқайсысының шығару жолын және әдістерін табу міндеті қойылды.