3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «СҮЮ» КОНЦЕПЦИЯСЫ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ә.С. Сатанова; М.С. ОразбекАңдатпа. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ әдебиеті тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан жаңа ізденістерге барып, сапалық тұрғыдан біршама ілгері дамыды. Әлем әдебиеттерінде өз-өзіне қарсы, іштей қайшылыққа толы психологиялық жақтан өзгеше образдар әлемін бейнелеу 19-ғасырдан бастап орын ала бастағаны мәлім. Әсіресе, 20-ғасырдың басында Европа әдебиеттерінде модернистік әдебиетте көп кездесе бастады. Себебі, қоғамдық дағдарыс адамның рухани дағдарысына әкелді. Дегенмен, махаббаттың шесіз екендігі қаламгерлер шығармаларында кең көрініс болды. Студент Сатанова Әсел ғылыми мақаласының нысанасы ретінде жазушы –Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы «Сүю» концепциясы зерттеледі. Мағжан шығармалары лиризмге толы. Сүйіспеншілік тек анаға, Отанға, бауырға жарға өлшеусіз болатыны сияқты, алыстағы бауырға да ортақ екенін кең көрсетеді. Мағжан шығармаларындағы бұл концепцияны айқындау мақсатында зерттелген бұл мақала өзектілігі мен тың тақырып ретінде әлі де зерттеуді қажет етуге тиісті дүние болып есептеледі.Item Open Access АЛАШ, ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ә. Өзбекбай; Ж.О. МәмбетовАңдатпа. Біз бұл мақаламызда Алаш зиялыларының ұлттық идеясына, оның маңызына тоқталдық. Оның зерттелуі, бүгінгі таңдағы маңызын атап көрсеттік. Бұл жұмысты жазу барысында Алаш зиялыларының еңбектері мен мақалаларын, басқа да авторлардың осы тақырыпқа қатысты зерттеулері мен еңбектерін қолдандық. Оқу-ағарту жолындағы және ұлтты оятудағы азаматтарымыздың өмірі айтылған бірқатар деректерді пайдаландық.Item Open Access АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ(Suleyman Demirel University, 2016) Әшірбаев Б.Бір анық нәрсе, жалған тарих жоқ, тек жалған тарихшылар ғана бар. Бұл қағиданың растығын қазіргі біздің рухани ояну дәуіріміз дәлелдеп беріп отыр. Басқаша айтқанда, ұлт-азаттық күрес идеясын өмірлік кредоларына айналдырған ХХ-шы ғасыр басындағы зиялы азаматтарымыздың саясат аренада атқарған қызметтерінің кеңестік дәуірде соның бір ғана мысалы. Біз тарихи санамыздан аластатылуы жаңа тұрпаттағы мемлекет құру процесін бастан кешіріп жатқан елміз. Кремль төбеттері қалыптастырған қортық санадан, семіз малай болу психологиясынан арылып келеміз. Тәуелсіздік идеясын, ұлттық мактаныш сезімін ұрпақтар жадында жаңғырту күн тәртібіндегі келелі мәселеге айналды. «Жаңа заманда кандай этникалық ерекшеліктерімізді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, қандай жат мінез, солақай сенім-нанымдардан бойымызды аулақ ұстауымыз керек?» деген сан сауалдар жауап күтіп тұр. Яғни, қазіргі кезең таңдау, саралау және корытынды шығару кезеңі.